Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округіндегі Мұқажан Жұмажанов ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге Бейбітшілік; 2-ші көшеге Тәуелсіздік; 3-ші көшеге Сәкен Сейфуллин; 4-ші көшеге Сайдалы Сары тоқа.
Тармақ 2
2. Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Жаркенова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.