Ералиев селолық округінің Ералиев ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ералиев селолық округінің Ералиев ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Ералиев селолық округінің Ералиев ауылы тұрғындарының 23 қараша 2010 жылғы Ералиев ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі жиналысының N 12 хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Ералиев селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ералиев селолық округіндегі Ералиев ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге – Шығыс көшесі; 2-ші көшеге – Ш. Ералиев көшесі; 3-ші көшеге – Жастар көшесі; 4-ші көшеге – Орталық көшесі; 5-ші көшеге – О. Әлібаев көшесі; 6-шы көшеге – Төребұтақ өзен көшесі; 7-ші көшеге – Тәуелсіздік көшесі; 8-ші көшеге – Батыс көшесі; 9-шы көшеге – Мектеп көшесі.
Тармақ 2
2. Ералиев селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Г. Смагулова Ералиев ауылының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.