Айнабұлақ селолық округінің Айнабұлақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Айнабұлақ селолық округінің Айнабұлақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы, 4 тармақшасына сәйкес, Айнабұлақ селолық округінің Айнабұлақ ауыл тұрғындарының 20 ақпандағы 2010 жылғы жиынында Айнабұлақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Айнабұлақ селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Айнабұлақ селолық округіндегі Айнабұлақ ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге Орталық көшесі;
2-ші көшеге Бірлік көшесі;
3-ші көшеге Достық көшесі;
4-ші көшеге Бейбітшілік көшесі.
Тармақ 2
2. Айнабұлақ селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы З. Қоңырова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.