Бақтыбай ауылдық округіне қарасты тұрғын үй салынып, жаңадан пайда болған көшелерге атауын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бақтыбай ауылдық округіне қарасты тұрғын үй салынып, жаңадан пайда болған көшелерге атауын беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Бақтыбай ауылдық округіне қарасты, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы ауылының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика комиссиясының келісімін ескере отырып Бақтыбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бақтыбай ауылдық округіне қарасты Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы ауылында тұрғын үй салынып жаңа көшелерге: Қаблиса, Шәкәрім, Асанова, Астана, Қайрат Рысқұлбеков, "Жетісу шұғыласы", Қалқа Жапсарбаев атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуы ауыл округі әкімінің орынбасары А. Исабековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.