Құжат мәтініне өту

"Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Ереже · № 36-225 · қабылданған 23.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.07.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54621/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
"Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 36-225 ·23.08.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

"Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

ҚАЗ"Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 36-225 · қабылданған 23.08.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
"Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36-225
Қабылданған күні
23.08.2010
Көрсетілген редакция
23.07.2012 · қолданыстағы 54621_192718.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
23.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DD000120
ЭКБ идентификаторы
54621
Редакция идентификаторы
54621_192718
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:30

0 "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1."Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағы туралы Ереже 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына" және аудан әкімінің аппарат жетекшісі Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.

3 3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы
С. Серпербаев

4 Ақсу аудандық мәслихатының

2010 жылғы 23 тамыздағы
36 - 225 нөмірлі шешіміне
1 қосымша
"Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру
Е Р Е Ж Е С І

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағының берілуі азаматтардың ауданның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына сіңірген ерекше еңбектерін, саяси-қоғамдық жұмыстардағы айрықша белсенділіктерін жұртшылықтың танығандығы және оларды моральдық көтермелеу мен үлкен тәрбиелік-тәлімдік маңызы бар марапаттау шарасы болып табылады.

2 2. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағы:

1 1) аудан экономикасын, оның өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және басқа да өндірістік салаларындағы, жоғарғы технологиялар мен жаңалықтарды енгізу;

2 2) ауданның әлеуметтік саласын дамыту және аудан халқын әлеуметтік тұрғыда қорғау шараларын жүзеге асыру;

3 3) ел тәуелсіздігін нығайту, қоғамды демократияландыру, ұлттық құндылықтарды дамыту, халықтар достығын мен ұлтаралық келісімдікті орнықтыру мақсатындағы мемлекеттік саясатты насихаттау, жүзеге асыру;

4 4) аудан түрғындары арасында мемлекеттік заңдылықтарды сақтау, құқықтық және қоғамдық тәртіпті нығайту;

5 5) балаларды, мектеп оқушылары мен жастарға білім беру, олардың рухани, азаматтық-патриоттық және салауаттық тұрғыда тәрбиелеу;

6 6) аудан халқының мәдениетін көтеру, өнер, әдебиет салаларын дамыту мен байыту;

7

7) аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау, дене мәдениеті мен спортты дамыту және басқа да аса маңызды қоғамдық-бұқаралық жұмыстарда сіңірген айрықша еңбектері мен зор жетістіктері танылған аудан азаматтарына беріледі. Атаққа ұсынылған азаматтардың ауданның қоғамдық–саяси өміріндегі белсенділіктері міндетті түрде ескеріледі.
Сонымен бірге, "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағына аудан өмірімен, жұртшылығымен тығыз байланыста жүрген басқа қалалар мен өңірлердегі есімдері халықаралық және мемлекет деңгейінде танылған қоғам қайраткерлері, ғылымды дамытуда, мәдениет пен өнер салаларында, спортта аса танымал болған, аудан аумағында үлкен демеушілік-жанашырлық көрсетіп жүрген бизнес өкілдері саналатын жерлестеріміз де ұсынылады.

2 2. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі

1

1. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағына кандидаттар салалық (білім, денсаулық, мәдениет, т.б.) тұрғыдағы және ауыл тұрғындары жиындарында, ірі еңбек ұжымдары жиналыстарында, аудандық қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінде талқыланып, анықталады. Содан кейін, атақ беру туралы ұсыныс құжаттары (хаттамалар, негіздемелер, мінездемелер) реттеліп, сол салалар мен ұйымдардың, мекемелердің басшылары атынан аудан әкімінің қарауына енгізіледі.

2 2. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беруге ұсынылған кандидатуралар аудан әкімдігінде мақұлданған жағдайда, оларға белгіленген нысандағы марапаттау парақтары толтырылып, аудан әкімі атынан аудандық мәслихатқа ұсынылады.

3 3. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру мәселесі аудандық мәслихаттың сессиясында қаралып, тиісті шешім қабылданады. Сонымен бірге, "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағы берілген азаматтардың есімі ауданның "Құрмет кітабына" енгізіледі.

4 4. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағына ие болушылардың арнайы куәлігі мен төсбелгісін аудан әкімі және аудандық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.

5 5. "Ақсу ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім аудандық "Ақсу өңірі" газетінде жарияланады.

6 6. Атақ беру туралы шешім аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданбаған жағдайда аудандық мәслихат ұсыныс берушілерге ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме береді.