Қолданыстағы ред. 06.09.2010

Көшеге ат қою туралы от 06.09.2010 г. № 36 (Көшеге ат қою туралы)

0

Көшеге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Түлкібас ауданы, Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық ауылындағы атауы жоқ көшеге Әлібек Байысбаевтың аты қойылсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.