Қолданыстағы ред. 01.09.2010

Көшелердің атын өзгерту туралы от 01.09.2010 г. № 22 (Көшелердің атын өзгерту туралы)

0

Көшелердің атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Тастұмсық ауылындағы Урицкий көшесінің аты Самал, Подгорный көшесінің аты Көктөбе, Космонавтов көшесінің аты Құндызбай Биболаев;
Жыланды ауылындағы Титов көшесінің аты Достық, Набережная көшесінің аты Ақтоғай, Заречная көшесінің аты Шапағат;
Аманкелді ауылындағы Ленин көшесінің аты Атамекен;
Қабанбай ауылындағы Садовая көшесінің аты Жақсылық көшесі деп өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.