Көшелердің атын өзгерту және көшеге ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Көшелердің атын өзгерту және көшеге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Балықты ауылындағы Стадионная көшесінің аты Алаң, Новостройка көшесінің аты Тәуелсіздік, Кирова мен Мельничная көшесінің аты Балықты көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық округі, Шарафкент ауылындағы атауы жоқ көшеге Әбен Төлебаевтың аты қойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.