О размерах пособий семьям, имеющим детей Қолданыста
Басқа 0
Балалары бар отбасыларына берілетін жәрдемақы мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелерін бекіту туралы» қаулысын орындауда 1997 жылдың 21 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» ережені бекіту туралы № 382 қаулысына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Балалары бар отбасыларына 2000 жылға жәрдемақы, егер отбасының айлық орта есеппен жан басына шаққандағы жиынтық табысы республикалық бюджет туралы Заңда тиісті жылға белгіленген екі еселеген айлық есептік көрсеткіштен аспаса, төмендегі мөлшерде анықталсын:
- балалары бар отбасыларына бірыңғай жәрдемақы - 1,0 айлық есепті көрсеткіш;
- 7 жасқа дейін 4 және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін көп балалы аналарға - 1,0 айлық есепті көрсеткіш ;
- кезекті әскери қызметін өтеушілердің балаларына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
- ЖИТС-пен ауыратын немесе осы аурудың вирусы жұққан адамдардың балаларына - 1,0 айлық есепті көрсеткіш;
- үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға - 1,0 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқарма бастығы (Киколенко О.А.) балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындағанда анықталған мөлшерлерді басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының қаржы департаменті (Щеглова М.А.) балалары бар отбасыларына тағайындалған жәрдемақыны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім облыстық маслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.
Тармақ 5
5. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.