Қазығұрт ауылы округіне қарасты Келес көшесінің атауын өзгерту жайлы Қолданыста
Басқа 0
Қазығұрт ауылы округіне қарасты Келес көшесінің атауын өзгерту жайлы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35-бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасын және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауылы округіне қарасты Келес көшесі соғыс және еңбек ардагері Досалы Мәмбеталиев болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің бас маман жер инспекторы М.Усербаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.