Таң ауылдық округінің көшелерін қайта атау және атау беру туралы. Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таң ауылдық округінің көшелерін қайта атау және атау беру туралы. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес аумақ халқының пікірлерін ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Таң ауылдық округіндегі:
Тармақша 1
1) Сад көшесі Қоқыбай болыс атындағы көше болып;
Тармақша 2
2) Гагарин көшесі Сегізбай би атындағы көше болып;
Тармақша 3
3) Қазақ көшесі Қуаныш Құлманов атындағы көше болып;
Тармақша 4
4) Жеңістің 40 жылдығы көшесі Орынбай жырау атындағы көше болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Атауы жоқ көшелерге:
Тармақша 1
1) Манақ батыр;
Тармақша 2
2) Елтай молда деген атаулар берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.