Абай ауылындағы Жақыпбек Маханбетов көшесі қиылысынан Юрий Гагарин көшесіне дейінгі тұйық көшені ауылшаруашылық маманы Ұлы Отан соғысының ардагері Едербаев Асқар Есімімен қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауылындағы Жақыпбек Маханбетов көшесі қиылысынан Юрий Гагарин көшесіне дейінгі тұйық көшені ауылшаруашылық маманы Ұлы Отан соғысының ардагері Едербаев Асқар Есімімен қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы" туралы N 2572-ХІІ санды Заңын басшылыққа ала отырып және қалалық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 20 шілдедегі N 6/3 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы Жақыпбек Махамбетов көшесі қиылысынан Юрий Гагарин көшесіне дейінгі тұйық көше ауылшаруашылық маманы Ұлы Отан соғысының ардагері Едербаев Асқар есімімен қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бас маман Ұ. Кушенбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.