Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге Сәулебек Абасыловтың есімін беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге Сәулебек Абасыловтың есімін беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге, Ұлы Отан соғысының ардагері, Беларуcия Партизандар қозғалысының белсенді мүшесі, ауылымыздың ардақты ақсақалы болған Сәулебек Абасыловтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман заңгері А.Айдарбековаға жүктеймін.