Шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Үшбұлақ ауылдық округінде белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Үшбұлақ ауылдық округінде белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339-II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 2 шілдедегі "Үшбұлақ ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үшбұлақ ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды округтің лицензиялық мал дәрігері Бақытбек Әскербекұлы Баукебаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.