Қордай ауданының орталығы Қордай ауылының шекарасын (шегін)өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қордай ауданының орталығы Қордай ауылының шекарасын (шегін)өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қордай ауданың орталығы Қордай аулының шекарасы (шегі) Қордай ауылдық округінің қарамағына барлығы 1136,09 гектар, соның ішінде 910,61 гектар айдалмалы, 219,35 гектар жайылым, 6,13 гектар басқа жер учаскелері босалқы жер қорынан алынатын ауылшаруашылығы алқаптары есебінен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.