Ұлытау ауданының салық салу мақсатында жерді аймақтандырудың аудандық сызбасын бекіту туралы
ҚАЗҰлытау ауданының салық салу мақсатында жерді аймақтандырудың аудандық сызбасын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ұлытау ауданының салық салу мақсатында жерді аймақтандырудың аудандық сызбасын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау ауданының салық салу мақсатында жерді аймақтандырудың аудандық сызбасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 261
- Қабылданған күні
- 20.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2011 · қолданыстағы AI54832_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KP000064
- ЭКБ идентификаторы
- 54832
- Редакция идентификаторы
- AI54832_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:31
0 Ұлытау ауданының салық салу мақсатында жерді аймақтандырудың аудандық сызбасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 10, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1 тармағына және аудан әкімдігінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ұлытау ауданының салық салу мақсатында жерді аймақтандырудың аудандық сызбасы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Ұлытау ауданының шекарасындағы 1 шаршы метр жер төлемі мен жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері бойынша аудан жерлерін аймақтандыру N 2 қосымшаға және аудандағы елді мекен жерлерін аймақтандыру N 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың “Ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, экология, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық” жөніндегі тұрақты комиссияға (М. Ақшалов) жүктелсін.
4.Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
4 КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі
А. Омаров
5 Ұлытау аудандық мәслихатының
2010 жылғы 20 тамыз N 261 шешіміне
1 қосымша
6 Салық салу мақсаттары үшін Ұлытау ауданы жерлерін аймақтандыру (селолық елді мекен жерлерін қоспағанда)
Ұлытау аудандық мәслихатының
2010 жылғы 20 тамыз N 261 шешіміне
2 қосымша
Салық салу мақсаттары үшін Ұлытау ауданы жерлерін аймақтандыру (селолық елді мекен жерлерін қоспағанда)
Аймақтың N
Тузету коэффиценті
Аймаққа кіретін кадастырлық кварталдардың атауы және нөмірі
І
1,5
Ұлытау с/о (003), Қаракенгір с/о (015), Амангелді с/о (005), Егінді с/о (011), Шеңбер с/о (007), Қарсақпай к/о (025), Жезді к/о (017) және де аудан аумағында бөлінген жерлер шегіндегі өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттардағы жерлер мен аудандық жер қоры жерлері
ІІ
1,4
Терсаққан с/о (009), Алғабас с/о (013), Борсеңгір с/о (031), Сарысу с/о (033)
ІІІ
1,3
Ақтас с/о (022)
ІV
1,2
Жангелді с/о (027)
V
1,1
Қоскөл с/о (029), Мибұлақ с/о (035)
7 Салық салу мақсаттары үшін Ұлытау ауданы жерлерін аймақтандыру
Ұлытау аудандық мәслихатының
2010 жылғы 20 тамыз N 261 шешіміне
3 қосымша
Салық салу мақсаттары үшін Ұлытау ауданы жерлерін аймақтандыру
Аймақтың N
Тузету коэффиценті
Аймаққа кіретін елді мекендердің атауы (селолық округтар бойынша)
І
1,5
Ұлытау с/о: Ұлытау с., Талдысай с.; Қаракенгір с/о: Бозтұмсық с.; Алғабас с/о: Бетбұлақ с.; Амангелді с/о: Сарлық с.; Егінді с/о: Егінді с.; Шеңбер с/о:Қорғасын с.; Қарсақпай к/о: Қарсақпай к.; Ақтас к/о: Ақтас к.; Жезді к/о: Жезді к.;.
ІІ
1,4
Ұлытау с/о: Айыртау с.; Қызыл үй с.; Амангелді с/о: Боздақ с.; Ақтас к/о: Пионер с.; Борсеңгір с/о: Борсеңгір с.; Жезді к/о: Өркен с.; Сарысу с/о: Жыланды с.
ІІІ
1,3
Шеңбер с/о:Үңгірлі с.; Мибұлақ с/о: Мибұлақ с.; Терсаққан с/о: Терсаққан с.; Жангелді с/о: Байқоныр с.
ІV
1,2
Терсаққан с/о: Қоскөл с.; Қоскөл с/о: Қоскөл с.
V
1,1
Жангелді с/о: Қызыл үй с.; Талды құдық с.; Қоскөл с/о: Құлжанбай с., Киік с.; Мибұлақ с/о: Ақкенсе с.; Сарысу с/о: Түйемойнақ с.