Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Шабдаржап ауылындағы көшелеріне атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Шабдаржап ауылындағы көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шабдаржап ауылы тұрғындарының 2010 жылғы 12 мамырдағы жалпы жиналысының хаттамасын ескеріп, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Шабдаржап ауылындағы көшелеріне келесі атау берілсін:
№ 1 көшесіне - Әжім Бисенов атындағы көше;
№ 2 көшеге – Келдібай Нұрғалиев атындағы көше;
№ 3 көше – Дәулет Ғұсманов атындағы көше;
№ 4 көше – Жалғас Сембаев атындағы көше;
№ 5 көше – Құмар Мұхамбетов атындағы көше.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.