Қолданыстағы ред. 22.09.2010

Көшелердің атын өзгерту туралы от 22.09.2010 г. № 31 (Көшелердің атын өзгерту туралы)

0

Көшелердің атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Келтемашат ауылдық округіне қарасты:

1

1) Кершетас ауылындағы Заречная көшесінің аты Ғажап, Мельничная көшесінің аты Диірмен көшесі;

2

2) Келтемашат ауылындағы Мир көшесінің аты Бейбітшілік, Заречная көшесінің аты Бастау, Родниковая көшесінің аты Жас өркен көшесі;

3

3) Даубаба ауылындағы Восточная көшесінің аты Самал көшесі;

4

4) Ақсай ауылындағы Лесхозная көшесінің аты Аламан көшесі деп өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.