Көшелердің атын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Көшелердің атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мичурин ауылдық округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Майтөбе ауылындағы Восточная көшесінің аты Достар, Заводская көшесінің аты Найзатас, Комсомольская көшесінің аты Келешек, Космодемьянская көшесінің аты Батыр, Ленина көшесінің аты Астана, Мира көшесінің аты Бейбітшілік, Набережная көшесінің аты Ақдала, Новая көшесінің аты Ырыс, Полторацкая көшесінің аты Ізет, Свобода көшесінің аты Азаттық, Студенческая көшесінің аты Жастықшақ, Титова көшесінің аты Заңғар, Чернышевский көшесінің аты Джақаев Ташай, Ветеранов көшесінің аты Тәуелсіздік көшесі;
Тармақша 2
2) Көксағыз ауылындағы Докучаева көшесінің аты Қайрат, Мичурин көшесінің аты Жарасым, Темирязева көшесінің аты Бірлік, Шрейдер көшесінің аты Талап, Вильямс көшесінің аты Мереке көшесі;
Тармақша 3
3) Таусағыз ауылындағы Набережная көшесінің аты Сағыныш, Почтовая көшесінің аты Ақжол, Садовая көшесінің аты Бәйшешек көшесі;
Тармақша 4
4) Қожамберді ауылындағы Казарма көшесінің аты Бастау көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.