О комиссии по размещению государственного заказа на оказание медицинской помощи Күшін жойған
Басқа 0
Дәрігерлік көмектер көрсетуге арналған
мемлекеттік тапсырысты орналастыру
жөніндегі комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 06.11.2001 № 221 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-1, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163-1 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысының 18-тармасына сәйкес және облыс тұрғындарына дәрiгерлiк көмектер көрсетуге арналған бюджет қаржысын тиiмдi пайдалану мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
1. Қаржыландырылған жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен азаматтарға кепiлдi көлемде тегiн дәрiгерлiк көмектер көрсету шеңберiнде тегiн дәрiгерлiк көмектер көрсетуге арналған мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру жөнiндегi комиссия төмендегiдей құрамда құрылсын:
1. М.И. Құлшар - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
2. З.К. Мұқлисова - облыс әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала
бөлiмiнiң меңгерушiсi, комиссия төрағасының орынбасары
3. Ш.М. Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары.
4. Н.Б. Дмитриенко - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары,
комиссия хатшысы.
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
1. А.С. Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
2. В.А. Кондратенко - Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң төрағасы.
3. Т.А. Даньшина - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк- құқықтық жұмыстар
бөлiмiнiң аға референтi.
4. М.З. Семғалиев - облыс әкiмi аппаратының экономикалық реформалар бөлiмiнiң
меңгерушiсi.
5. А.К. Сорокин - облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары.
6. Г.Қ. Шоқалова - облыс әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала
бөлiмiнiң аға референтi.
7. Т.В. Чеусова - облыстың бас терапевтiсi.
8. Н.И. Сидешева - облыстың бас педиатры.
9. О.В. Силантьев - облыстың бас гинекологы.
10. Ю.Н. Хван - облыстың бас хирургы.
11. Л.А. Маринина - облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспарлау - қаржы
бөлiмiнiң бастығы.
12. З.Н. Молдағалиева - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
Тармақ 2
2. "2000 жылға қаржыландырылған жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен азаматтарға кепiлдi көлемде тегiн дәрiгерлiк көмектер көрсетуге арналған бағдарламалар және кiшi бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру Ережесi" бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) дәрiгерлiк көмектер көрсетуге мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыруға арналған конкурсқа әзiрлену жөнiнде ұйымдық шараларды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсiн.
Басқа 5. ЕРЕЖЕ
2000 жылға жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын
бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар бойынша азаматтарға
кепiлдi көлем шеңберiнде ақысыз медициналық
көмек көрсетуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыру
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 26 ақпандағы
N 30 шешiмiмен
БЕКIТIЛДI
ЕРЕЖЕ
2000 жылға жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын
бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар бойынша азаматтарға
кепiлдi көлем шеңберiнде ақысыз медициналық
көмек көрсетуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыру
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163 Заңына, "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 мамырдағы N 235 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк бюджет есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы бiрыңғай Ережелердi әзiрлеу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, 1999 жылғы 29 қаңтарда келiсiлген Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi денсаулық сақтау Комитетiнiң 1999 жылғы 2 ақпандағы бағдарламалар және қосымша бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырыс туралы бекiтiлген Ережелерiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "2000 жылға арналған республика бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 1997 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысының 18-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Азаматтардың кепiлдi көлемде ақысыз медициналық көмек алуға деген конституциялық құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету, 2000 жылға арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат көлемi есебiнен мемлекеттiк тапсырысты қамтамасыз ету негiзiнде iске асырылады.
Денсаулық сақтау жүйесi өзiнiң қызметiн жергiлiктi деңгейдегi медициналық ұйымдар, мемлекеттiк кәсiпорындар, өздерiне тұрғындарға медициналық сапалы да қолайлы қызмет көрсету, iндеттiң алдын алу, аурулардың профилактикасын, диагностикасын, емiн өткiзу, сол сияқты облыстың жекелеген аумақтарында денсаулыққа байланысты проблемалар мен факторларды қалыптастыратын мәселелердi зерттеу жүктелген, өздерi таңдап қалыптастырылатын мәселелерді зерттеу жүктелген, өздері таңдап алған iс-әрекет түрiне мемлекеттiк лицензиялары бар, жеке медициналық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғалар жүйесi арқылы iске асырады.
Медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде тұрғындарға профилактикалық, диагностикалық, емдiк және қалпына келтiру көмектерi көрсетiледi.
Денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiру және медициналық көмек көрсетудiң қазiргi заманғы деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығымен бекiтiлген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы белгiленген басымдық бағыттар: алғашқы медициналық-санитарлық көмектi дамыту, салауатты өмiр салты, аналар мен балалардың денсаулығын қорғау, иммунопрофилактика, сондай-ақ медициналық қамту саласын түбегейлі жақсарту, көрсетілген қызмет көлемдерін ұлғайту.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетiлетiн медициналық көмектің қолайлы болуы үшін мемлекеттік нормативтік жүйе, денсаулық сақтау нысандарының құрылымдары әзiрленiп, жасалды.
Жергілікті деңгейде орындалатын мемлекеттік тапсырысқа мынадай нысандар мен қызмет түрлері қосылады: бағдарлама
кіші бағдарлама
қызметтің түрлері мен көлемдері
принциптер
08
00
жергілікті деңгейде орта арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау (медколледж)
бір оқушыға
41
00
жергілікті деңгейде салауатты өмір салтын насихаттау (салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталық)
Атқарылған жұмыс көлемі үшін
45
31
балаларға ауруханада көмек көрсету
ем көрсетілген жағдайлар, клиникалық тары, емханалық ем бойынша
36
00
Тұрғындарға жергілікті деңгейде ауруханада медициналық көмек көрсету
ем көрсетілген жағдайлар, КШТ, емханалық-поликлиникалық тарификатор, барып емдеу, сметаға сәйкес ақпараттық талдау жұмысы
38
33
Паталогиялық - анатомиялық
атқарылған жұмыс көлемі үшін
46
00
Тұрғындарға емханалық поликлиникалық ұйымдарға алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсетуге мыналар кіреді:
1. Отбасылық дәрігерлік емханаларда (СВА) медициналық көмек көрсету (қалалық жерде)
Науқастарға мамандандырылған емханалық-поликлиникалық ұйымдарда консультациялық-диагностикалық және емдік шаралар кешенін көрсету, тәулік бойы ауруханаларда жатуды қажет етпейтін науқастарға мед.көмек көрсету.
Диагностикалық орталық.
Стоматологиялық ұйымдар.
амбулаториялық-поликлиникалық тарификатор бойынша. Басқа да қызметтер бойынша.
Тарау 3. 3. Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру
3. Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру
Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарына сәйкес шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге деген мемлекеттiк тапсырыс ашық конкурс өткiзу жолымен iске асырылады.
Қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы жөнiндегi жауапкершiлiк бағдарлама әкiмшiлiгiне жүктеледi (облыстық денсаулық сақтау басқармасы).
Бағдарлама әкiмшiлiгi облыстық қазынашылық басқармасына мемлекетiк тапсырыс бойынша атқарылған жұмыстар жөнiндегi шартпен бiрге мiндеттемелiк жүйеде тiркеу үшiн сметалар мен тиiстi есептердi тапсырады.
Мемлекеттiк тапсырыс бойынша атқарылған жұмыстар немесе көрсеткен қызметке төлем төлеу жөнiндегi құжатқа көзделген барлық реквизиттер енуi тиiс. Оған нақты атқарылған жұмыстың (қызметтiң) тiзбелерi мен актiлерi жалғанады.
Тармақ 1
1. Ықтимал жабдықтаушының таңдауын өткiзу, онымен мемлекеттiк сатып алу және тиiстi қаржы жылына оның қызметiн сатып алу туралы шарт жасасу.
Тармақ 1.2
1.2. Мемлекеттiк тапсырыспен байланысты құқықтық қатынастарды реттеу мынандай принциптерге негiзделедi:
- мемлекеттiк бюджет қаражатын оңтайлы жұмсау;
- облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге қатысу үшiн барлық ықтимал жабдықтаушыларға тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
- өз қызметiн ұсынушылар арасында адал (таза) бәсекелестiк;
- мемлекеттiк тапсырыстың жариялылығы.
Тармақ 1.3
1.3. Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру құқығына конкурс өткiзу:
- жан басына шаққандағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (N 1 қосымша);
- ауруханада тәулiк бойы жатуды қажет етпейтiн науқастарға емханалық-поликлиникалық және консультациялық-диагностикалық қызмет кешенiне;
- ауруханаларда тәулiк бойы жатуды қажет ететiн тұрғындарға ауруханалық-медициналық қызмет көрсетуге (N 2 қосымша).
Тармақ 1.4
1.4. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан медициналық қызмет көрсету iс-әрекетiне лицензиялары бар, облыс денсаулық сақтау бюджетi есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi стандарттар талаптары сапасына сәйкес келетiн ықтимал өз қызметтерiн ұсынушылар жiберiледi.
Тармақ 1.5
1.5. Конкурс осы нұсқаулықтар талаптарына сәйкес өз қызметтерiнiң ұсынған конкурстық тапсырыстар конкурстық комиссияның қарауымен өткiзiледi.
Тармақ 1.6
1.6. Конкурстың ұйымдастырушысы - облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлген облыстық тендерлiк комиссия.
Тармақ 2
2. Қаржыландыру көзi және төлемнiң базалық шарттары.
Тармақ 2.1
2.1. Тапсырыс берушi нақты көрсетiлген медициналық көмек бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 13 бұйрығына сәйкес, 2000 жылға арналған облыстық денсаулық сақтау бюджетi қаражатының көлемiнде ай сайын төлем төлеудi жүргiзедi.
Жұмыс атқару, қызмет көрсету, сондай-ақ әрбiр төлемдi (өзiне тән) есептеулер-экономикалық жiктеу шығындарының сметасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бектікен телімдiлiк бойынша өткiзiледi.
Тармақ 3
3. Конкурстық құжаттың мазмұны.
Тармақ 3.1
3.1. Ықтимал қызмет көрсетушi пакет түрiнде мынандай ақпараттарды беруi тиiс:
Тармақ 3.2
3.2. Үлгi бойынша конкурсқа қатысуға тапсырыс (N 3 қосымша).
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру үшiн конкурстық тапсырыстың бағалар кестесi (N 4 қосымша).
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге;
- қалалық жердегi бекiтiлген тұрғындарды бөлек;
- ауруханаларда тәулiк бойы жатуды қажет етпейтiн науқастарға емханалық-поликлиникалық қызмет (консультациялық-диагностикалық және емдiк) көрсетуге медициналық қызметтiң бiр өлшемiне;
- стоматологиялық қызметтерге.
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Облыс тұрғындарына ауруханалық, мамандандырылған медициналық көмектi қоса алғанда қызмет көрсетуге мемлекеттi конкурстық тапсырысты орналастырудың бағалар кестесi ауруханаларда тәулiк бойы бола алатын ауруларға (емделiп шыққан науқастардың бағытты көлемi бойынша) мына бағыттарда болады (N 5 қосымша).
- терапевтiк;
- хирургиялық-педиатриялық.
Тармақ 3.1.4
3.1.4. Конкурсқа қатысушының анкетасы (N 6 қосымша).
Тармақ 4
4. Конкурстық құжаттар бойынша түсiндiрме.
Тармақ 4.1
4.1. Ықтимал қызмет көрсетушi конкурстық тапсырыстарды 10 күн бұрын конкурстық құжаттардың ережелері туралы түсiндiрме беруге сұрау салуға құқысы бар.
Тармақ 4.2
4.2. Конкурсты ұйымдастырушы үш күн мерзiмнен кейiнге қалдырмай жауап берiп, сұраудың кiмнен түскенiн көрсетпей, бұндай түсiндiрменi конкурсқа қатысушы барлық ықтимал қызмет көрсетушiлерге хабарлайды.
Тармақ 5
5. Конкурстық құжаттарға өзгертулер мен қосымшалар енгiзу.
Тармақ 5.1
5.1. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық тапсырыстарды берудiң соңғы мерзiмiне дейiн кез-келген уақытта өзiнiң ынтасы бойынша немесе ықтимал қызмет көрсетушiден түскен түсiндiрме туралы сұрауларға жауап беруде конкурстық құжатты қосымшалар енгiзу жолымен өзгертедi.
Тармақ 6
6. Конкурстық тапсырыстың тiлi.
Тармақ 6.1
6.1. Конкурстық тапсырыс ықтымал қызмет көрсетушi конкурстық құжат қай тiлде жасалса, сол тiлде жасайды.
Тармақ 7
7. Ықтимал қызмет көрсетушiнiң құқылығын және бiлiктiлiгiн сендiретiн құжаттар тiзбесi.
Тармақ 7.1
7.1. Ықтимал қызмет көрсетушiлердiң конкурстық тапсырыстарында мынадай құжаттар болуы тиiс:
- ұйымның өзiнiң бланкiсiнде бiрiншi басшы қол қойып, гербiлi мөрi басылған, сол сияқты қажеттi финанс реквизиттерi көрсетiлген хат;
- ықтимал қызмет көрсетушiнiң құрылтайшы құжаттарының нотариус куәландырған көшiрмелерiн (медициналық iс-әрекетпен айналысу құқығына лицензия, шаруашылық субъектiсiн тiркеу туралы куәлiк және статистикалық кәртiшке);
- ықтимал қызмет көрсетушiнiң конкурс жариялағанға дейiнгi айдың алдындағы финанстық жағдайы туралы банктiң анықтамасы;
- ықтимал қызмет көрсетушiнiң конкурс жарияланған күнге дейiнгi соңғы айдағы салық төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiнiң орындалуы туралы салық комитетiнiң анықтамасы;
- көрсетiлген медициналық қызмет үшiн шыққан шығындардың орнын толтырудың жаңартылған есеп шығындарының сметасы (ҚР-сы қаржы министрлiгiнiң экономикалық жiктеу төлемдерi, әдiстемелерi мен үлгiлерi бойынша). Ықтимал қызмет көрсетушiнiң мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу, мемлекеттiк кәсiпорындар қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу тәртiбiн реттеп отыратын нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде iске асырылады;
- қаржы балансы, 2000-жылға бизнес-жоспар;
- қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың кәсiби бiлiктiлiгiнiң мәлiметтерi (17 үлгi бойынша) НСА (медициналық кадрлар туралы есеп);
- денсаулық сақтау басқармасы бекiткен медициналық стандарттар;
- денсаулық сақтау басқармасы бекiткен дәрiлiк формулярлар;
- ықтимал қызмет көрсетушiнiң соңғы үш жылдағы iс-қимыл көрсеткiштерiнiң талдауы.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысуға тапсырыстың үлгiсi.
Тармақ 8.1
8.1. Ықтимал қызмет көрсетушi конкурсқа қатысуға беретiн тапсырысты N 3 қосымшаға сәйкес беруi тиiс.
Тармақ 9
9. Конкурстық тапсырыстың бағалар көрсеткiшi.
Тармақ 9.1
9.1. Ықтимал қызмет көрсетушi бағалар кестесiн N 3, 4 қосымшаға сәйкес беруi тиiс.
Тармақ 10
10. Конкурстық тапсырыстың валютасы.
Тармақ 10.1
10.1. Барлық бағалар теңге өлшемiмен көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 11
11. Конкурстық тапсырыстың күшiн сақтау мерзiмi.
Тармақ 11.1
11.1. Ықтимал қызмет көрсетушiнiң конкурстық тапсырысының күшiн сақтау мерзiмi 2000 жылғы 5 наурызға дейiн.
Тармақ 12
12. Конкурстық тапсырыстарды беру орны және оның соңғы мерзiмi.
Тармақ 12.1
12.1. Тапсырыстар облыстық денсаулық сақтау басқармасына 2000 жылғы 1 наурызға кешiктiрiлмей берiлуi тиiс.
Тармақ 12.2
12.2. Соңғы мерзiм өткеннен кейiн берiлген конкурстық тапсырыстарды конкурстық комиссия қарауға қабылдамайды және ол ықтимал қызмет көрсетушiге қайтарылады (керi жiберiледi).
Тармақ 13
13. Конкурстық тапсырыстарды өзгерту және оларды керi қайтарып алу.
Тармақ 13.1
13.1. Ықтимал қызмет көрсетушi өзiнiң конкурстық тапсырысын конкурстық тапсырыстар беру мерзiмi аяқталғанша өзгертiп немесе керi қайтарып ала алады. Бұндай өзгерту немесе керi қайтарып алу туралы хат түрiндегi хабарлау, егер ол конкурстық тапсырыстарды беру жөнiндегi соңғы мерзiмнен кешiктiрiлмеген болса, онда ол жарамды (заңды) деп табылады.
Тармақ 13.2
13.2. Конкурстық тапсырыстың өзгертулерi конкурстық тапсырыстың өзi сияқты әзiрленiп, мөрленiп, конкурстық тапсырыстарды беру мерзiмiнен кешiктiрiлмей әзiрленуi тиiс.
Тармақ 14
14. Конкурстық тапсырыстарды беру.
Тармақ 14.1
14.1. Конкурстық тапсырыс ықтимал қызмет көрсетушiнiң өкiлi қол қойып, журналға тiркелiп тапсырылады.
Тармақ 15
15. Конкурстық тапсырысты ашу және бағалау.
Тармақ 15.1
15.1. Конкурстық комиссия конкурстық тапсырыстар салынған конверттердi келген барлық ықтимал қызмет көрсетушiлердiң қатысымен ашады.
Тармақ 15.2
15.2. Қатысып отырған ықтимал қызмет көрсетушiлердiң өкiлдерi тiркелуi тиiс.
Тармақ 15.3
15.3. Конкурстық тапсырыстар бар конверттердi ашу кезiнде конкурстық комиссия барлық қатысып отырған адамдарға конкурстық тапсырыс берген барлық ықтимал қызмет көрсетушiлердiң атаулары мен тұрған жерлерiн және олар ұсынған конкурстық тапсырыстар бағасын, конкурстық тапсырыстарды қамтамасыз етудiң барлығы немесе жоқтығы туралы ақпаратты және конкурстық комиссия өзi қажет деп тапқан барлық мәлiметтердi жария етедi, содан кейiн конкурстық комиссия тапсырыстарды ашқандығы туралы хаттама жасап, оған барлық комиссия мүшелерi қол қояды.
Тармақ 16
16. Конкурстық тапсырыстарды қарау.
Тармақ 16.1
16.1. Конкурстық комиссия конкурстық тапсырыстарды зерделеп оқып, олардың толықтығын, есептеудегi қателердi, қажеттi кепiлдемелердi, құжаттағы барлық қойылған қолдарды, сол сияқты құжаттың тұтасымен алғанда дұрыс толтырылғандығын тексередi.
Тармақ 16.2
16.2. Конкурстық комиссия нақты бiр конкурстық тапсырыс берген ықтимал қызмет көрсетушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сай келмеуiне байланысты тапсырысты қабылдамай тастайды:
- бiлiктiлiк талаптары жөнiндегi толық та дәл емес, немесе жалған ақпарат берген болса.
Тармақ 16.3
16.3. Конкурстық комиссия конкурстық тапсырыстың конкурстық құжаттарға сәйкестiгiн анықтайды.
Тармақ 16.4
16.4. Конкурстық комиссия ықтимал қызмет көрсетушiлерден түсiндiрменi, бағаны және конкурстық тапсырыстарды салыстыруды жеңiлдету үшiн олардан конкурстық тапсырыстарға байланысты түсiндiрме жасауды сұрай алады.
Тармақ 16.5
16.5. Конкурстық комиссия конкурстық тапсырысты егер онда нақты талаптарды өзгертпейтiн сәл ауытқулар болса, ол конкурстық тапсырысты бағалауға әсер етпейтiн болса, немесе онда кездескен грамматикалық қателер конкурстық тапсырыстың мән-мағынасын өзгертпей түзетуге келетiн болса, талаптарға сай деп есептей алады.
Тармақ 16.6
16.6. Егер конкурстық тапсырыс жеткiлiктi өлшемде конкурстық құжаттар талаптарына жауап бермейтiн болса, онда ол конкурстық комиссиямен керi қайтарылады және соңынан конкурстық құжаттар талаптарына жауап бередi деп танылмайды.
Тармақ 17
17. Ықтимал қызмет көрсетушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiлiгiнiң өлшемдерi мен әдiстерi.
Тармақ 17.1
17.1. Ықтимал қызмет көрсетушiнi таңдаған кездегi негiзгi өлшемдер:
- бiр науқасты бағыт бойынша емдеудiң бағасы;
- ықтимал беркiтiлген тұрғындардың бiр тұрғынына шығындар;
- медициналық қызмет өлшемiнiң бағасы;
- қызмет көрсетуге байланысты пайдалануға, техникалық қамтуға және жөндеуге шығындар;
- медициналық қызмет нарығындағы ықтимал қызмет көрсетушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң барлығы;
- қызметтiң тұрғындарға қолайлылығы;
- мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық қызмет көрсетумен айналысатын ықтимал қызмет көрсетушi мен қызметкерлердiң басқаруға болатын құзыреттiлiгi;
- ықтимал қызмет көрсетушiнiң қызметкерлерге төленетiн еңбек ақы шығыны.
Тармақ 18
18. Конкурстық тапсырыстарды бағалау және салыстыру.
Тармақ 18.1
18.1. Конкурстық комиссия конкурстық құжатта көрсетiлген 10 күннен аспайтын мерзiмде конкурс қорытындыларын шығарады.
Тармақ 18.2
18.2. Қандайма болмасын бiр ықтимал қызмет көрсетушiнiң тарапынан конкурстық тапсырыстарды қарауға, бағалауға және оларды салыстыруға, женiмпазды анықтауға байланысты конкурстық комиссияның шешiмiне ықпал етуге тырысулары, оның конкурстық тапсырысты қайтарып берумен пара-пар бағаланады және ол оның конкурстық тапсырысты қабылдамай тастауға және оның конкурстық тапсырысын қамтамасыз етудi ұстап қалуға әкелiп соқтырады.
Тармақ 18.3
18.3. Конкурстың қорытындылары Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңының 19-бабына сәйкес хаттама түрiнде толтырылып, конкурстық комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылады.
Тармақ 19
19. Конкурстық тапсырысты жеңiп алушыны анықтау және шарт жасасу.
19.1.Ықтимал қызмет көрсетушiлердiң iшiнен мемлекеттiк тапсырысты алатын жеңiмпаздар анықталады.
Тармақ 19.2
19.2. Жеңiмпаз бен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы келiсiм-шарт 2000 жылға жарияланған тендер қорытындылары шыққан сәттен 10 күннен аспайтын мерзiм iшiнде жасалады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу.
Тармақ 20.1
20.1. Тапсырыс берушi жеңiмпаз атанған ықтимал қызмет көрсетушiнi, оның конкурстық тапсырысының жеңiп шыққаны туралы конкурстың қорытындылары шыққаннан кейiн үш күн iшiнде хат арқылы хабарлайды. Жеңiмпаз деп танылғаны туралы хабар хат, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бөлiгi болып табылады.
Тармақ 20.2
20.2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ақысыз кепiлдi медициналық көмек көлемін көрсету келiсiмiнiң үлгі негiзiнде жасалады.
Тармақ 20.3
20.3. Өзiнiң конкурстық тапсырысы неғұрлым тиiмдiрек деп танылған ықтимал қызмет көрсетушi хабар алғаннан кейiн үш күн iшiнде шартқа қол қояды немесе келiспеушiлiк (егер ол келiсiм-шарттың кейбiр шарттарымен келiспейтiн болса) хаттамасын жасауы тиiс.
Тармақ 20.4
20.4. Келiсiмге қол қоюшы жақтар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа, конкурс жеңiмпазын анықтап, жеңiмпаздан кейiнгi тиiмдiрек ықтимал қызмет көрсетушiнiң жағдайларына өзгерiстер енгiзе алмайды.
Келісілді: Келісілді:
Облыстық қаржы Облыстық денсаулық
басқармасы сақтау басқармасы
А.Ш.Хамитов Ш.М.Қадырбеков
Басқа 72. Ауруханада тәулік бойы болуды қажет етпейтін
науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек,
амбулаториялық-поликлиникалық қызмет көрсетуге
мемлекеттік тапсырыс көлемі мен түрлерiнiң
ТIЗБЕСI
N 1 қосымша
Ауруханада тәулік бойы болуды қажет етпейтін
науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек,
амбулаториялық-поликлиникалық қызмет көрсетуге
мемлекеттік тапсырыс көлемі мен түрлерiнiң
ТIЗБЕСI
NN
Бағдарламалар атауы
Конкурстық комиссияның талабы
Тұрғындар
Ескерту
1
Тұрғындарға емханалық ұйымдарда (СВА) алғашқы мед. санитарлық көмек көрсету.
1. Дербес заңды статус
Тұрғындар 10000 адамға
222,0
2
Тұрғындарға амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдарда алғашқы мед. санитарлық көмек көрсету (КДП стоматологиялық мекемелер).
1. Дербес заңды статус.
2. Қалалық жерлерде тұрғындар саны 30000 адамнан кем емес.
3. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мүмкiндiгi.
4. Стоматологиялық ұйымдар үшiн. Терапевтiк, хирургиялық қызметтiң болуы.
Басқа 73. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына ауруханалық
медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыс
қызметтерiнiң түрлерi мен көлемдерiнiң
ТIЗБЕСI
N 2 қосымша
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына ауруханалық
медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыс
қызметтерiнiң түрлерi мен көлемдерiнiң
ТIЗБЕСI
Мед. қызмет атаулары
Көйкілер бағыты
Конкурстық комиссия талабы
1
Терапевтік
1. терапевтік
2. кардиологиялық
3. нефрологиялық
4. эндокринологиялық
5. гастроэнтерологиялық
6. ревматологиялық
7. пульмонологиялық
8. аллергиялық
9. гемотологиялық (үлкендер)
10. гемотологиялық (балалар)
1. Қалпына келтіру мүмкіндіктерінің немесе интенсивті терапияның болуы
2. Әуе-тамшы инфекциясының контактылық инфекциядан бөлектеу мүмкіндігі
Хирургиялық
1. Жалпы хирургиялық үлкендер
2. Жалпы хирургиялық балалар
3. офтолмологиялық үлкендер
4. офтолмологиялық балалар
5. тамыр хирургиясы
6. урологиялық
7. торакальды хирургия – үлкендер
8. торакальды хирургия – балалар
9. травматология – үлкендер
10. травматология – балалар
11. ортопедия – үлкендер
12. күйік – үлкендер
13. күйік – балалар
14. ЛОР – үлкендер
15. ЛОР – балалар
16. жақ-беттік – үлкендер
17. жақ-беттік – балалар
18. нейрохирургия – үлкендер
19. нейрохирургия – балалар
20. гинекологиялық
1. Бөлек энергия кезінің болуы
2. Қалпына келтіру мүмкіндіктерінің болуы
3
Педиатриялық
1. Педиатриялық (соның ішінде жаңадан туылған емшектегі)
2. эндокринология
3. пульмонология
4. кардиоревматология
5. нефрология
6. гастроэнтерология
7. неврология
1. Қалпына келтіру мүмкіндіктерінің болуы
2. Бөлек энерго көздерінің болуы
4
Ақпараттық талдау жұмысы
1. Статистикалық есептерді жинау
2. ЕПМ қызметін талдау
3. Стат мәліметтер бойынша ЕПМ қызметіне бақылау жасау
4. Облыс бойынша стат есептерді жинап, оларды денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттікке тапсыру
5. Болжам, ақпараттық жолдама
6. Мед. қызметке ақы төлеу жөніндегі тізбені қабылдап, өндеу
Басқа 74
N 3 қосымша
Кiмге__________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кiмнен________________________________________________________________________
(ықтимал қызмет көрсетушiнiң атауы)
Конкурсқа қатысуға тапсырыс медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты
орналастыру бойынша конкурс өткізу жөнiндегi құжатты қарап, оны осымен растаймыз.
_____________________________________________________________________________________
(ықтимал қызмет көрсетушiнiң атауы)
конкурстық құжатқа сәйкес мемлекеттiк тапсырысты мынандай жалпы салада
_____________________________________________________________________________________
(цифрмен және жазумен)
iске асыруды ұсынады.
Осы конкурстық тапсырыс мыналардан тұрады:
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Біз егер бiздiң конкурстық тапсырысымыз жеңіп шыққан жағдайда мемлекеттік сатып алуды
мемлекеттік қаржы органы келiсiмiнiң шарттарына сәйкес іске асыруға мiндеттенемiз.
Біз конкурстық құжатта айтылған төлемнің базалық шарттарымен келiсемiз. Осы конкурстық
тапсырыс ашылған сәттен бастап календарлық жыл iшiнде күшінде болады. Мемлекеттік сатып
алу туралы шарт жасағанға дейін осы конкурстық тапсырыс бiздiң жеңімпаз деп танылған
хабар-хатымыз бен бірге екі арадағы мiндеттi келiсiм - шарт ролін атқарады.
_________________ _______________________________
қолы, күнi лауазымы, тегі, әкесiнiң аты
атынан және тапсыруы бойынша барлық өкiлеттiлiгi бар, конкурстық өтiнiшке қол қою
құқымен
____________________________________________________________________________________
Басқа 75. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына
амбулаториялық-поликлиникалық қызметте
алғашқы медициналық көмек көрсетудегі
мемлекеттік тапсырыс қызметі түрлерiнiң
бағалар кестесі
N 4 қосымша
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына
амбулаториялық-поликлиникалық қызметте
алғашқы медициналық көмек көрсетудегі
мемлекеттік тапсырыс қызметі түрлерiнiң
бағалар кестесі
N
Мед. қызмет аты
1-тұрғынға баға
Бекітілген тұрғындардың саны
2000 жылға ұсыныс үшін есептеу бағасы, теңге
1
қалалық жердегі ОДЕ (СВА)-да көрсетілген алғашқы мед. көмек
бір қызметтің бағасы-35 теңге
қызмет саны 222,0
ұсыныс үшін баға (теңгемен)
2
Амбулаториялық-поликлиникалық, консультативтік, диагностикалық қызмет кешені
бір қызметтің бағасы
қызмет саны
жоғарыдағыдай
3
Стоматологиялық қызметтер
Салмақтық коэффициенті 72
Салмақтық коэффициент саны
жоғарыдағыдай
Басқа 76. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына
медициналық көмек көрсетуге мемлекеттiк тапсырыс
қызметтерi түрлерiнiң бағалар кестесi
N 5 қосымша
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына
медициналық көмек көрсетуге мемлекеттiк тапсырыс
қызметтерi түрлерiнiң бағалар кестесi
Атаулары
Көйкілер бағыты
2000-жылға ұсынылатын ауруханалық мед. қызмет көлемі
2000-жылға ұсынба бағасы (теңге)
1
Терапевтік
1. жалпы терапиялық
2. кардиологиялық
3. нефрологиялық
4. эндокринологиялық
5. гастроэнтерологиялық
6. ревматологиялық
7. тувмонологиялық
8. аллергололиялық
9. гематологиялық
2
Хирургиялық
1. Жалпы хирургиялық үлкендер
2. Жалпы хирургиялық балалар
3. офтолмология үлкендер
4. офтолмология балалар
5. тамыр хирургиясы
6. іріңді хирургия (улк)
7. іріңді хирургия (бал)
8. проктологиялық
9. урологиялық
10. тор. хирургия (үлк.)
11. тор. хирургия (бал.)
12. травматология (үлк.)
13. травматология-балалар
14. күйік – үлкендер
15. күйік – балалар
16. ортопедит (үлкен.)
17. ЛОР – үлкендер
18. ЛОР – балалар
19. жақсүйек-бет хирургиясы (үлкендер)
20. жақсүйек-бет хирургиясы (балалар)
21. нейрохирургия
22. гинекологиялық
3
Педиатриялық
1. Педиатриялық (невропотология)
2. Гематология
3. Эндокринология
4. Аллергология
5. Кардиоревматология
6. Нефрология
7. Токсикология
4
Облыс ЕПМ шұғыл, жоспарлы, консультативтік көмек
1. Облыстық қала және ауыл-село тұрғындарына шұғыл көмек көрсету
1. Облыстық қала және ауыл-село тұрғындарына жоспарлы көмек көрсету
5
Ақпараттық талдау жұмысы
1. Статистикалық есептерді жинау
2. ЕПМ қызметін талдау сапа бағасы
3. Стат мәліметтер бойынша ЕПМ іс-қимылына бақылау жасау
Басқа 77
N 6 қосымша
Конкурсқа қатысушының анкетасы
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
тауарлар, жұмыс, қызмет атаулары
1. Ықтимал қызмет көрсетушiнiң толық заңды атауы __________________________________
_____________________________________________________________________________________
2. Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________________________
3. Толық почталық мекен-жайы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
4. Телефон, факс ________________________________________________________________
5. Банктік реквизиттері __________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Бірінші басшы қолы, күні
Тегі, аты, әкесінің аты
______________________________ ____________________