Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе, Қырыққұдық ауылдарындағы көшелеріне ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе, Қырыққұдық ауылдарындағы көшелеріне ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 13 мамырдағы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің мына ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Қарауылтөбе ауылы бойынша:
№ 3 көшеге – "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы көше";
№ 4 көшеге – "Хамза Есенжанов атындағы көше";
№ 5 көшеге – "Қырмызы Нұрғалиева атындағы көше";
№ 8 көшеге – "Мәншүк Маметова атындағы көше";
№ 9 көшеге – "Оразбай Оспанов атындағы көше";
№ 12 көшеге – "Әлия Молдағұлова атындағы көше";
№ 13 көшеге – "Бауыржан Момышұлы көшесі".
Тармақша 2
2) Қырыққұдық ауылы бойынша:
№ 1 көшеге – "Кенже Құрмашев атындағы көше";
№ 2 көшеге – "Қабден Темірғалиев атындағы көше".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Қ. С. Паңғалиевқа тапсырылсын.