Об организации и проведении работ по предоставлению земельного участка собственников помещений (участника) кондоминиума Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғимрат иелеріне белгіленген көлемдегі /кондоминиум/ жер учаскелерін бөлу жөніндегі жұмыстарды өткізу және ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желсандағы Заң күші бар № 717-ші "Жер туралы" Жарлығының 2-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997-ші жылғы 22-ші желтоқсандағы "Ғимрат иелеріне белгіленген көлемдегі /кондоминиум/ жер учаскелерін бөлудің тәртібін бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, облыс әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
Ақтөбе қаласы және Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Темір, Хромтау, Шалқар аудандарының әкімдеріне; - Бір ай мерзім ішінде пәтер иелерінің кооперативтеріне, заңды және жеке тұлғаларға, көп пәтерлі үйлердегі бөлме иелеріне кондоминиум объектісіне жататын жерлерді бөлудегі заңсыздықтарды жою шараларын алу тапсырылсын. Пәтер иелерінің кооперативтеріне бұрыңғы берілген жер учаскелерін бөлу актілерін жалпы үлес меншігін көрсетіп қайта дайындау міндетелсін. - Ғимрат иелеріне белгіленген көлемдегі /кондоминиум/ бөлінген жер шегін белгілеу және оған құқын жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру үшін құрамына жер ресурстарын басқару органдарының, сәулет және архитектура қызметтері, басқа да қатысы бар жергілікті органдардың мамандары және сол сияқты пәтер иелері кооперативтерінің уәкілдері кіретін арнайы комиссия құрылсын.
Тармақ 2
Жерге орналастыру және басқа да жұмыстар атқарушы органдар шешімімен жүргізілетін жағдайда - бюджет, ал жекеменшік иелері және жер пайдаланушылардың берген өтініштеріне сәйкес қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары И. И. Иманқұловқа міндеттелсін.