Об утверждении Правил использования средств резерва Акима области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкімінің резерві қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 14.04.2003 № 88 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында Облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс Әкімінің резерві қаржыларын пайдалану Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар және Ақтөбе қаласының әкімдеріне резерв қорын пайдаланудың ережесін бекіту туралы ұсыныс жасалсын.
Тармақ 3
3. Облыс Әкімінің 1997 жылғы 26 маусымындағы "Резерв қорының қаржыларын пайдалану Тәртібін бекіту туралы" № 130 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 4
Ақтөбе облысы Әкімінің резерв қорын пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы ереже облыс Әкімінің резерв қорын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады: облыс Әкімінің резерві-облыстық бюджетте сол қаржы жылына қаралған және облыс Әкімінің шешімімен алдын-ала қаралмаған шығынды қаржыландыруға арналған бір реттік ыңғайдағы бөлінетін қор; алдын-ала қаралмаған шығындар-ағымдағы қаржы жылына болжау мүмкіндігі болмағандықтан жергілікті бюджетті қалыптастыру барысында жоспарлауға енбеген, сол ағымдағы қаржылық жылда кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығындар; облыс Әкімі резервінің құрамындағы облыс Әкімінің және жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін шегеру үшін есептелген қор-облыс Әкімі резерві құрамында қаралған және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың басқарушыларына облыс Әкімінің немесе жергілікті органдардың міндеттемелерін сот шешімі бойынша шегеру үшін бөлінетін қор; облыс Әкімі резервінің құрамында төменгі буындағы бюджеттік қорды несиелендіру үшін жергілікті бюджетте бекітілген шығындарды каржыландыруға қайтармалы негізде төменгі буындағы бюджетке бөлінген, ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджетке ағымдағы түсіммен қамтамасыз етілмеген және жергілікті бюджеттегі қаржы кардарлығына сай арнаулы резерв. Облыс Әкімі резерві қорын алушы-жергілікті бюджеттік бағдарлама жетекшісі немесе аудан мен қала әкімі.
Тармақ 2
2. Облыс Әкімі резерві қорынан бір реттік ыңғайдағы алдын-ала каралмаған шығындарды қаржыландыратын төмендегі шаралар:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік ыңғайдағы төтенше жағдайларды жою, оған мыналар кіреді: - төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық жәрдем көрсету; - зардап шеккендер үшін уақытша тұрақ пен тамақтандыруды қамтамасыз ету; - құтқару және қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықтап-жарақтандыру; - төтенше жағдай аймағын күш және қаржы жеткізілуімен қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) облыс Әкімінің орталық атқару органдарының міндеттемелерін сот шешімі бойынша өтеу;
Тармақша 3
3) ағымдағы қаржы жылы ішінде төменгі бюджеттік несиелендіру; Облыс Әкімінің резерв қоры басқа шығындарды қаржыландыруға жіберілмейді.
Бөлім 2. IІ. Облыс Әкімі резерв қорының бөліну және пайдалану тәртібі
IІ. Облыс Әкімі резерв қорының бөліну және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Облыс Әкімінің резервінен қаржы бөлуді облыстық қаржы басқармасы жергілікті бюджетгің тиісті қаржы жылына шығындар мен несиелендіру құрамында бекітілген мөлшерде және осы мақсатқа деп жүзеге асырады. Ол облыс Әкімінің өкімімен белгіленген заң тәртібі негізінде жүзеге асырылып, онда алушы, бөлінген қаржы мөлшері, оларды пайдалану тәртібі, сонымен бірге бөлінген қаржы қайтармалы негізде берілсе - оны беру және қайтару шарттары көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімінің резерв қоры қатаң түрде мақсатты жүзеге асырылады және осы Ережеде, облыс Әкімінің резервтен қаржы бөлу туралы өкімінде көрсетілмесе пайдаланылуы мүмкін емес.
Тармақ 5
5. Облыс Әкімінің өкімін әзірлеу барысында төмендегі жағдайлар ескеріледі:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджетте ағымдағы қаржы жылына қаржының болмауы;
Тармақша 2
2) Әкім мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін сот шешімімен шегеруден басқа жағдайда алушының ескі міндеттемелерімен байланысты емес қажетгілік және облыс Әкімінің резерв қорына тұтынушылық ағымдағы жылы пайда болса;
Тармақ 6
6. Облыс Әкімінің резерв қорынан қаржы бөлу туралы облыс Әкімінің өкімі жыл аяқталғанға дейін облыс Әкімінің тиісті өкімі негізінде күшін жояды, тек облыс Әкімінің арнаулы қорынан төменгі буындағы бюджетке несие беру туралы шешімінен басқасы, егер ол несиені толық қайтарса. Бұл қаржы төменгі буындағы бюджет шығындарында толық қамтамасыз етілмесе облыс Әкімінің өкіміне сәйкес өзара есеп айырысуға берілуі мүмкін.
Бөлім iii. III. Қаржыны табиғи және техногендік ыңгайдағы төтенше жағдайларды жоюға бөлу
III. Қаржыны табиғи және техногендік ыңгайдағы төтенше жағдайларды жоюға бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік ыңғайдағы төтенше жағдайлар орын алғанда облыс Әкімінің резервінен қаржы бөлу туралы ұсынысты төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды. Табиғи және техногендік жағдайдағы аймақтық және ірі көлемдегі төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы өкім жобасын облыс Әкіміне ұсынады.
Бөлім iv. IV. Облыс Әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін сот шешімімен шегеруге қаржы бөлу
IV. Облыс Әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін сот шешімімен шегеруге қаржы бөлу
Тармақ 8
8. Облыс Әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін сот шешімі бойынша шегеру соттың орындаушылық құжаттары болған жағдайда облыс Әкімі қоры есебінен қамтамасыз етіледі.
Бөлім v. V. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін арнаулы резервтен қаржы бөлу және оны пайдалану
V. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін арнаулы резервтен қаржы бөлу және оны пайдалану
Тармақ 9
9. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін арнаулы қордан қаржы бөлу үшін қала және аудандардың әкімдері облыс Әкімінің резервінен қаржы бөлу туралы ұсынысты тиісті негіздемелері мен есептерін көрсете отырып, облыстық қаржы басқармасына ұсынады.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы ұсынылған құжаттар негізінде арнаулы резерв қорынан төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін қаржы бөлу мүмкіндігінің барлығы немесе жоқтығы жөнінде тұжырымдама жасайды. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін арнаулы қордан қаржы бөлу үшін қажетті шарттар:
Тармақша 1
1) қалалар мен аудандардың бюджеттерін несиелендіру үшін ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджетте қаралған соманың болуы;
Тармақша 2
2) бөлінген қаржыны жергілікті бюджет шығындарын қаржыландыруға жолдау, ол жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілуі тиіс және белгілі есепті кезең ішінде жергілікті бюджеттің қаржы қардарлығы және жергілікті бюджетке ағымдағы түсімдердің қамтамасыз етілмеуі болғанда;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттен бұрынырақта берілген несиеге байланысты жергілікті атқарушы органдардың созылған қарызы болмаса.
Тармақ 11
11. Қала, аудан әкімдерінің ұсынысы бойынша оңды қорытынды жасалғанда облыс Әкімінің арнаулы қорынан қаржы бөлу туралы шешім жобасы төменгі буындағы бюджетті қаржыландыру үшін облыстық қаржы басқармасы тарапынан облыс Әкімінің арнаулы қорынан несие беру және қайтару тәртібі мен шартын облыс Әкімі белгілейді.
Тармақ 12
12. Төменгі буындағы бюджетті несиелендіру үшін облыс Әкімінің арнаулы қорынан несие беру және қайтару тәртібі мен шартын облыс Әкімі белгілейді.
Бөлім vi. VI. Бақылау және есеп беру
VI. Бақылау және есеп беру
Тармақ 13
13. Облыс Әкімі резервінен бөлінген қаржыны алушылар оны пайдалану, атқарылған жұмыстардың мерзімі мен тәртібі, көлемі мен құнына байланысты облыстық қаржы басқармаеы бекіткен тәртіппен есеп береді.
Тармақ 14
14. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын облыс әкімшілігіне облыс Әкімінің резерв қорын пайдалану және тиісті мерзімге қалдығы туралы хабар беріп тұрады.
Тармақ 15
15. Облыс Әкімі резерв қорынан бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылуы жөніндегі жауапкершілікті алушы Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған тәртіппен көтереді.