О переименовании бульвара, некоторых улиц города Жезказгана Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жезқазған қаласының бульварын, кейбір көшелерін қайта атау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халықының пікірін ескере отырып, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сәкен Сейфуллин бульвары "Ғарышкерлер" бульвары болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Жезқазған қаласының кейбір көшелері:
Тармақша 1
1) Жастар көшесі Желтоқсан көшесі болып;
Тармақша 2
2) Некрасов көшесінің Қасым Аманжолов көшесі қиылысынан бастап Алашахан даңғылына дейінгі бөлігі Сәкен Сейфуллин көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.