Қабанбай ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы атаусыз көшеге Бауыржан Момышұлының атын қою Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қабанбай ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы атаусыз көшеге Бауыржан Момышұлының атын қою Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімінің негізінде сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қабанбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қабанбай ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы атаусыз көшеге Бауыржан Момышұлының аты қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қабанбай ауылдық округ әкімінің орынбасары Резеда Изатуловна Хусаиноваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.