Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау Қолданыста
Басқа 0
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Теміртау қалалық мәслихаттың келесі шешімдері күшін жойды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 14 шілдедегі N 31/7 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қызмет көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-24 нөмірмен тіркелген, "Теміртау" газетінің 2006 жылғы 10 тамыздағы N 32, "Зеркало" газетінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 32 жарияланған);
Тармақша 2
2) 2008 жылғы 2 шілдедегі N 11/7 "Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-63 нөмірмен тіркелген, "Теміртау" газетінің 2008 жылғы 7 тамыздағы N 32, "Зеркало" газетінің 2008 жылғы 6 тамыздағы N 31 жарияланған);
Тармақша 3
3) 2009 жылғы 3 қыркүйектегі N 20/6 "Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі 31 сессиясының N 31/7 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-86 нөмірмен тіркелген, "Теміртау" газетінің 2009 жылғы 15 қазандағы N 42, "Зеркало" газетінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 41 жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________________ Ю. Ким
22 қыркүйек 2010 ж.
Басқа 7
Теміртау қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 14 қыркүйек
N 31/5 шешімімен бекітілген
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулысына сәйкес дайындалған және Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындамау) мәселелері бойынша даулы, таласты немесе кикілжің жағдайларды шешу үшін құрылған, уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген комиссия;
Тармақша 2
2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды (соның ішінде қатты отынды пайдалану), қоқысты әкетуді және лифттерді жөндеу қамтитын қызметтер;
Тармақша 3
3) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп-ұстау функцияларын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүліктерін күрделі жөндеу жұмыстары – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін өзгертумен байланыспаған, қажет болған жағдайда конструкциялық элементтері мен инженерлік жабдықтар жүйелерін алмастырып табиғи немесе моральдық тозуды жоятын құрылыстық және ұйымдастырушы-техникалық кешенді шаралары;
Тармақша 7
7) отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты заңнамада бекітілген тәртіпте бір мекен-жайда бірге тұратын және тіркелген адамдар тобы;
Тармақша 8
8) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
Тармақша 9
9) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш беретін адам (бұдан әрі - өтініш беруші);
Тармақша 10
10) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау бойынша уәкілетті орган – "Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ХҚКО);
Тармақша 11
11) уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
Тармақша 12
12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
Тармақша 13
13) шот – жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарды төлеуге арналған және тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде қызметті жеткізушімен қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда немесе өтініш берушімен қағаз түрінде ұсынылатын құжат.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүліктерін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі егер де өтемақылық шаралармен қамтылатын тұрғын үй ауданының нормасы шегінде жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстар отбасының бюджетінде осы мақсаттарға жұмсалған шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асқан жағдайда, алайда жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне жұмсалған шығыстардың нормативтері нақты тұратын жалпы ауданынан артық болмаған жағдайда, Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне жұмсалған шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсетуге арналған белгі болып табылады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің нормативтерін анықтау
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің нормативтерін анықтау
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіпте көрсетеді:
Тармақша 1
1) өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен бекітілген (18 шаршы метр көп бөлмелі пәтерлерде (үйлерде) тұратын адамдар үшін) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, бір бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – тұрғын үйдің жалпы ауданы, көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын жалғыз басты азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – 30 шаршы метр;
Тармақша 2
2) коммуналдық қызметті тұтыну нормасы:
нақты шығындар бойынша газды тұтыну, бірақ (тұрғын үй көмегін есептеген кезде, екі қабаттан аспайтын тұрғын үй ғимаратының пәтерлеріндегі баллонды газ ескеріледі):
орталықтандырылған ыстық суы бар, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 8 килограммнан;
орталықтандырылған ыстық суы жоқ, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 10 килограммнан аспауы тиіс;
қатты отынды тұтыну қызметтерді жеткізушілердің шоттарын ұсына отырып, нақты шығындар бойынша (түбіртек, жүкқұжат, фактура-шот, анықтама), алайда аспауы тиіс:
7 ай жылу беру мезгілін есептегенде тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылыту үшін – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 98 килограмм көмір (тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика жөніндегі облыстық органдардың мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Теміртау қаласында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады);
нақты шығындар бойынша бір адамның электр қуатын тұтыну, бірақ:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 80 киловаттан;
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 100 киловаттан аспауы тиіс;
Тармақша 3
3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты шығару қызметін пайдалану, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар шығыстарының нормаларын басқару үлгісіне қарамастан (басқарудың заңды үлгісін ресімдеген пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, өзін-өзі басқару комитеттері, үй комитеттері) қызметтерді жеткізуші немесе тарифтерді белгілейтін орган бекіткен тарифтер негізінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстарды белгіленген нормадан жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілу сомасына Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегі арқылы өтемақы төленуге тиісті.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган ұсынады және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегі келесі отбасыларға тағайындалмайды:
Тармақша 1
1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалға немесе қосымша жалға беретін;
Тармақша 2
2) құрамында жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа қабілетті тұлғалар болса, келесілерді есепке алмағанда:
бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектерін;
бірінші, екінші топ мүгедектеріне, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және сексен жастан асқан адамдарға күтім жасайтын тұлғаларды;
үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын тұлғаларды;
Тармақша 3
3) жұбайының қайда екенін білмейтін (жасыратын) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына арызданбаған, құрамында заңды некеде тұратын тұлғалары бар;
Тармақша 4
4) егер ата-аналары некесін бұзып, өзімен бірге тұратын балаларына алименттер төлеуді іздестіру туралы талап бермеген болса.
Тармақ 9
9. Отбасының жұмыссыз мүшелері орынды себептерсіз ұсынылған жұмыстан және жұмысқа тұрғызудан бас тартқан отбасылар, өз шешімі бойынша қоғамдық жұмыстарға қатысудан, оқуға немесе қайта оқудан бас тартқандар тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 10
10. Жанжалды, таласты немесе кикілжің жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, нормалар шегінде коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстар үшін нақты аударылған төлемақы, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақының көтерілу айырмашылығы сомасынан артық болмауы тиіс.
Тармақ 12
12. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстардың нақты есептелген сомасы жөніндегі мәліметтерді коммуналдық қызметтерді жеткізуші (электрондық тасымалдағышта немесе қағаз түрінде) және (немесе) жеке тұлға (қағаз түрінде) ұсынады.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының есеп шоттарына тұрғын үй көмегін төлеуді және тұрғын үй көмегін одан әрі алушылардың дербес шоттарына аударуды екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады. Жеке шоттарға тұрғын үй көмегін аудару үшін өтініш беруші келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегінің төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері мен кезеңділігі
4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері мен кезеңділігі
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген айдан бастап уәкілетті орган 1 жыл мерзімге тағайындайды. Отбасының табысы мен құрамы жөніндегі, сондай-ақ тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынылады.
Егер өтініш беруші ағымдағы тоқсанның екінші немесе үшінші айында өтініш білдірген болса, тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның барлық айына тағайындалады (келесіде тоқсан сайын өтініш беретін жағдайда).
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы 10 күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға тиісті.
Тұрғын үй көмегін заңсыз немесе асыра тағайындалуына әкеліп соқтырған жалған мәліметтерді бергені үшін отбасыға (азаматқа) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тағайындалған кезеңде тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сома өз еркімен қайтарылады, ал одан бас тартқан жағдайда - сот арқылы қайтарылады.
Тармақ 17
17. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақыға жұмсалған шығыстардың тарифтері, шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда тиісті өзгерістер басталған сәттен бастап алдында тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегіне құқықты анықтаған кезде, отбасының басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен расталған тұлғалар есепке алынбайды.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беру және оны есептеу тәртібі
5. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беру және оны есептеу тәртібі
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ХҚКО өтініш береді (осы Ереженің 1-қосымшасы) және мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке басының куәлігі, қоныстану иқтиярхаты, азаматтығы жоқ тұлғаның кәуілігі) көшірмесі;
Тармақша 2
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі және техникалық паспорты;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі (65 жастан жоғары жеке тұратын жалғызілікті тұлғалардан басқа тұлғалардың некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктері, қайтыс болу жөніндегі куәлік, N 4 үлгідегі туу туралы анықтамасы);
Тармақша 5
5) отбасы мүшелерінің табысын және отбасы мүшелерінің айналысатын қызмет түрін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, еңбек келісім шартының көшірмесі, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органнан анықтама, оқу (мектептен басқа) немесе қызмет орнынан анықтама, мүгедектігі жөніндегі анықтаманың көшірмесі);
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалған шығыстар туралы мәлімет (түбіртек, анықтама, хабарлама);
Тармақша 7
7) орталықтандырылған жылудың жоқтығы және қатты отынды пайдалануды, қатты отынды пайдалануға арналған шот (түбіртек, жүкқұжат, фактура-шот, анықтама) растайтын мәлімет;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
Тармақша 9
9) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының колымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
Тармақша 10
10) коммуналдық қызметтерді тұтыну (орталықтандырылған немесе баллонды газды тұтынған жағдайда – анықтама, түбіртек) шоттары;
Тармақша 11
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоты немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 12
12) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмелерде тапсырылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Тармақ 20
20. Тапсырылған құжаттарды қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Ереженің 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес үлгі бойынша бланктерді толтырады, тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған келісім шартты жасайды (осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес) және тұрғын үй көмегін алушының жеке ісін ашады.
Келісім шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй көмегін алушыда сақталады. Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін көрсету үшін негіздеме болып табылады.
Келесі тоқсандарда отбасының құрамы мен тұратын тұрғын үйдің жалпы ауданының көлемі өзгерусіз қалса, онда осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес үлгідегі бланк толтырылмайды.
Тармақ 21
21. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген отбасының материалдық-тұрмыстық тұру жағдайын тексеруге құқылы. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
Тармақ 22
22. Берілген ақпараттың растығында күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпаратты беруге тиіс.
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін нормалар шегінде тұтынуға жұмсалған шығыстарын төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсалған шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Тарау 6. 6. Жиынтық табысты есептеу
6. Жиынтық табысты есептеу
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі - жиынтық табыс) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.
Тармақ 25
25. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және бір мекен-жайда тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есептеу кезеңінде құрамында өзгеріс болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
Тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда құрамында өзгеріс болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде кеткен отбасы мүшесінің табысы есепке алынбайды.
Тармақ 26
26. Жиынтық табысты есептеу кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда (бұдан әрі - есептеу кезеңі) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
Тармақ 27
27. Егер отбасының бір мүшесі табысы есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, онда осы тоқсанда жұмыс істеген уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
Тармақ 28
28. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде жиынтық табысқа есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
Тармақ 29
29. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
Тармақ 30
30. Орташа айлық жиынтық табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын 3 айға бөлу арқылы есептеледі.
Тарау 7. 7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ескерілетін табыс түрлері
7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ескерілетін табыс түрлері
Тармақ 31
31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептеу кезеңінде алынған табыстардың барлық түрлері ескеріледі:
Тармақша 1
1) еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алименттер түріндегі табыс;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал, құс ұстауды және бағбандықты, бау-бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
Тармақша 5
5) өзге де табыстар.
Тармақ 32
32. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тұрғын үй көмегі;
Тармақша 3
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
Тармақша 4
4) баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 5
5) Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы;
Тармақша 6
6) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруышылықты дамытуға арналған материалдық көмек. Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруышылықты дамытуға арналған материалдық көмек басқа мақсаттарға жұмсалған жағдайда, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
Тармақша 7
7) мерекелік және мерейтойлық күндерге орай жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 8
8) осы отбасыда тұрмайтын тұлғаларға отбасының бір мүшесімен төленетін алименттер;
Тармақша 9
9) тегін немесе жеңілдікпен протездеу үшін азаматтардың жол ақысын төлеу;
Тармақша 10
10) протездеу уақыты кезінде азаматтардың күтімі;
Тармақша 11
11) ем алу үшін елді мекеннен тыс жерлерге азаматтардың жеңілдікпен жол жүру ақысының құны және қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жеңілдікпен жол жүру билеттерінің құны;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай түрде көрсетілген көмек:
дәрі-дәрмек препараттары;
санаторлы-курорттық емделу;
протезді-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектерге берілетін жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен басқа да оңалту құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру;
білім беру заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында тегін көмек көрсету мен тегін тамақтандыру түрінде;
Тармақша 13
13) ақшалай және заттай түрдегі қайырымдылық көмек;
Тармақша 14
14) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасыға көрсетілген көмек;
Тармақша 15
15) халықтың көші-қоны мәселесі жөніндегі заңнамалық актілерде қарастырылған құралдар оралмандардың:
тұрақты тұратын жеріне дейін келу және мүлкін (оның ішінде малды) тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу;
көшіп келген жерінен тұрғын үй алып беруге және біржолғы материалдық жәрдемақы төлеуге;
Тармақша 16
16) жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмек, соның ішінде негізгі азық-түлік өнімдер бағасының артуына байланысты азаматтарға берілетін біржолғы материалдық көмек.
Тарау 8. 8. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар
8. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар
Тармақ 33
33. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде (осы Ереженің 32-тармағында көрсетілгендерден басқа) мынадай түрде алынған табыстар есепке алынады:
Тармақша 1
1) жұмыс беруші еңбекақы түрінде есептеген сомасы, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай түрдегі сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысшыларға төленетін ақшалай соманы қосқанда);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін ақшалай өтемақы;
ұйымды таратқан (заңды тұлғаның) немесе жұмыс беруші қызметін тоқтатқанда (жеке тұлғаның), қызметкерлер штатын немесе санын қысқартқан жағдайда жеке еңбек келісім шартын бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мөлшерде төленетін өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындаған кезеңге төленетін еңбекақы;
маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің еңбекақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысында есептеледі. Еңбекақы болмаған кезеңде, ол жиынтық табысқа есепке алынбайды;
сақтандыру агенттеріне және брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақылар;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақыдан басқа, еңбекақыны есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйымның қаражаты есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
мерзімді қызмет атқаратын әскери қызметшілердің ақшалай үлесінен басқа, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім шарт бойынша қызмет өткеріп жатқан және ішкі істер органдарының қатардағы және басшылық ететін құрамдағы адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санатының үстемақылары мен қосымша ақылары ескерілген ақшалай үлесі;
жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
жұмыс беруші төлеген несиенің сомасы. Аталған төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне үйлестіріледі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
зейнетақының барлық түрлері, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте тағайындалатын өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік қамтамасыз ету жәрдемақысы;
басқа адамның көмегіне мұқтаж, жалғыз басты 1, 2 топ мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен тұрақты төленетін басқа да қосымша төлемдер;
заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны (осы Ереженің 32-тармағының 12) тармақшасында көрсетілгендерден басқа), сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелермен мен басқа да ұйымдар белгілеген төлемдердің барлық түрлеріне өзге де үстемақылар мен ақылар.
Тармақ 34
34. Жиынтық табыстың құрамына еңбек және қызметтік міндеттерді атқару барысында жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес, жұмыс беруші төлейтін біржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.
Тармақ 35
35. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар, олардың мөлшері туралы анықтамамен расталады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесімен берілетін анықтамамен расталады.
Тарау 9. 9. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынатын табыстар
9. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынатын табыстар
Тармақ 36
36. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен алынатын табыстар:
Тармақша 1
1) өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан;
Тармақша 2
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
Тармақша 3
3) шаруа қожалығы (ауыл шаруашылығы) қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған;
шаруа қожалығы (ауыл шаруашылығы) мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан алынған нақты табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі анықталатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
Тармақша 4
4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыстар.
Тармақ 37
37. Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын келісім шарттың көшірмесімен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтініш берудің негізінде растайды.
Жекелеген азаматтарда келісім шарт жасамай жұмыс істейтін адамдардың жиынтық табысы, олардың өтініші негізінде расталады. Бұл ретте еңбекақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
Тармақ 38
38. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
Тармақ 39
39. Арнаулы салық режимі жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, жеңілдетілген декларация негізінде расталады.
Шаруа қожалығы (ауыл шаруашылығы) қызметінің нәтижесінде алынған табыстарды қоса алғанда, ресми түрде расталмаған табыстар әрбір жұмысшыға шаққанда ең төменгі еңбекақыдан төмен болмайтын мөлшерде есепке алынады.
Тарау 10. 10. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрінде алатын табыстары
10. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрінде алатын табыстары
Тармақ 40
40. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыстың құрамында ескеріледі.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомалары, оларды алу уақытына сәйкес жиынтық табыста есепке алынады.
Тармақ 41
41. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш беру негізінде есептеледі.
Тармақ 42
42. Егер төлеуші алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табыста алимент есепке алынбай есептеледі (сот атқарушысының анықтамасы болған жағдайда).
Тармақ 43
43. Жиынтық табыс алименттерді есепке алмай мына жағдайларда есептеледі, егер де төлеуші:
бас бостандығынан айыру мекемесінде немесе уақытша қамауға алу изоляторында болса (сот атқарушысынан немесе түзеу мекемесінен бас бостандығынан айыру мекемесінде немесе уақытша қамауға алу изоляторында болатын мерзімін көрсете отырып, балаларға алименттердің төленбейтіні жөніндегі анықтаманы ұсынған жағдайда);
туберкулездік, психоневрологиялық диспансерде (стационарда), еңбекпен түзеу профилакториясында ем алып жатса немесе тіркеуде тұрған жағдайда (анықтама ұсынған жағдайда);
Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда (анықтама ұсынған жағдайда);
өкілетті органның анықтамасымен расталған спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын пайдалануға байланысты балаларын және басқа да асырауындағыларды күтуден жалтарған жағдайда.
Тармақ 44
44. Егер де баланың анасы баланың әкесімен некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы соттың шешімі болмаса, онда жиынтық табыс алиментті есепке алмай есептеледі.
Тармақ 45
45. Егер де ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, алайда жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толығымен есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
Тармақ 46
46. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамалармен немесе пошталық аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешімі қоса берілген жазбаша өтініш беру негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан асқан мерзім үшін берешек пайда болған жағдайда, сот атқарушысының алимент бойынша берешегін анықтау туралы қаулысы ұсынылады.
Тарау 11. 11. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар
11. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар
Тармақ 47
47. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылық (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
Тармақ 48
48. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылық (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған табыс өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылығы және оның көлемі жөніндегі мәліметтер негізінде есептеледі.
Тармақ 49
49. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган есептейді (осы Ереженің 6, 7, 8-қосымшалары негізінде). Теміртау қаласы мен Ақтау кенті Қарағанды облысының табиғи жағдайлары бойынша қуаңшылық дала аймағына жатады.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аң, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жазбаша өтініш беру негізінде жиынтық табысқа қосылады.
Тармақ 50
50. Бір сотық жерден (бір бастан) өндірілетін өнімнің құны өсірілетін дақылдардың орташа өнімділігін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 1 килограмм өнімнің орташа бағасына (осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес) көбейту және шығындардың орташа деңгейін кеміту арқылы анықталады.
Тармақ 51
51. Табысты есептеу үшін алдыңғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
Есептік кезеңде малды (құсты) сату кезінде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағаларға сәйкес біржолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малынан (жылқы, түйе және басқалары) және бір жыл ішінде төлдемеген малдан (мысалы, қысыр сиыр) түскен табыс есепке алынбай есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта аталған мал бір жылдан астам уақыт ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретінде есепке алынады.
Тармақ 52
52. Өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетін табыс (осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес) ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағаларға сәйкес қосылады.
Тармақ 53
53. Үй малы, құсы болған жағдайда, (осы Ереженің 52-тармағында көрсетілгендерден басқа) жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу арқылы анықталады. Алынған шама есептеу кезеңіндегі айлардың санына көбейтіледі.
Тармақ 54
54. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің жеке нормативтік карточкасын (осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес) өтініш берушінің деректері негізінде уәкілетті орган толтырады.
Тарау 12. 12. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін өзге де табыстар
12. Жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін өзге де табыстар
Тармақ 55
55. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыстар ескеріледі:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;
Тармақша 2
2) құнды қағаздардан (дивидендтер);
Тармақша 3
3) шетел валютасын сатудан;
Тармақша 4
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металлдарды, осылардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металлдары бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариатты сатудан;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан;
Тармақша 6
6) авторлық сыйақы түріндегі;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
Тармақша 8
8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
Тармақша 9
9) қайтарымсыз алынған ақшадан;
Тармақша 10
10) ақшалай салымдар бойынша сыйақылар (ынталандыру);
Тармақша 11
11) ақшалай аударымдар;
Тармақша 12
12) салымдар мен борышкерлік құнды қағаздарды қоса есептегенде, байқаулардан, жарыстардан (олимпиадаларда), фестивальдардан, лотереялардан, ұтыс ойындардан алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
Тармақша 13
13) туыстардың және басқа да адамдардың ақшалай және заттай (құны бар түріндегі) көмегін қоса алғанда, өзге де анықталған табыстар. Аталған табыстардың алынған уақыты ескеріледі және олар жазбаша өтінішпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғарғы және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде стипендия алмай оқитын студенттердің жиынтық табысына өз еркімен мәлімделген табысы есептеледі.
Тармақ 56
56. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған ресми түрде расталмаған табыстар бір айдағы ең төменгі еңбекақыдан кем болмайтын мөлшерде есепке алынады.
Тармақ 57
57. Жиынтық табыста алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы есепке алынбайды.
Тармақ 58
58. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс, оны алған күннен бастап жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа жылжымайтын мүлікті (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған жылжымайтын мүліктің (көлік құралының) құны арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Басқа 152
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
1-қосымша
Уәкілетті органға
______________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
______________________________________________
(елді мекен, аудан)
_________________________ мекен-жайында тұратын
(көше, үйдің, пәтердің N, телефон N)
______________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәліктің N _____________________________
куәлік берген мекеме _________________________
берілген күні ________________________________
ӘЖК N ________________________________________
СТН __________________________________________
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
ӨТІНІШ
Менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.
Менің отбасым ____ адамнан тұрады.
Өтінішке қоса қажетті құжаттарды ұсындым.
Дербес шоттың N ________. Қызметті жеткізушінің атауы _________
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, жылуға, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқысты әкетуге, электр куатына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, лифттерерді жөндеуге жұмсалған шығындар үшін).
Дербес шоттың N ________. Қызметті жеткізушінің атауы _________
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, жылуға, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқысты әкетуге, электр куатына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, лифттерерді жөндеуге жұмсалған шығындар үшін).
Дербес шоттың N ________. Банктің атауы _______________________
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, жылуға, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқысты әкетуге, электр куатына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, лифттерерді жөндеуге жұмсалған шығындар үшін).
Дербес шоттың N ___. Кондоминимум объектісін басқару органы ___
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жарнаға, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға жұмсалған шығындар үшін).
Мен және менің отбасымның мүшелері, біздің келісіміміздің дәлелі ретінде отбасы мүшелерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетуге болатын табыстары туралы ақпаратты "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беруге рұқсат етеміз.
Өзгеріс туындаған жағдайда 10 күннің ішінде хабарлауға міндеттеме беремін.
Теріс мәліметтерді және жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным жөнінде алдын ала ескертілді.
"____"__________ 20 ____ ж. _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттардың қабылданған күні
"____"_____ 20 ____ ж. ______ _______________________________________
( қолы) (құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә.,
Тармақша лауазымы
лауазымы)
Басқа 154
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
2-қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету
КЕЛІСІМ ШАРТЫ
20 ___ ж. "____"_____________ Теміртау қаласы
1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бір тараптан және екінші тараптан өтініш беруші төмендегілер жайлы осы келісім шартты жасады.
2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде өтініш берілген айдан бастап қолма-қол ақысыз төлем түрінде бір жыл мерзімге отбасысы ________ адамнан тұратын ___________________________________________________ тағайындалады.
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Тармақ 3
3. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін заңсыз немесе асыра тағайындалуына әкеліп соқтырған жалған мәліметтерді "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бергені үшін, тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде аталған көмекті алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сома өз еркімен қайтарылады, ал одан бас тартқан жағдайда - сот арқылы қайтарылады.
Тармақ 4
4. Өтініш беруші "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне отбасының табысы және құрамы жөніндегі, сондай-ақ тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстар жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынуға тиіс.
Тармақ 5
5. Осы келісім шарт тұрғын үй көмегін көрсету үшін негіздеме болып табылады.
Тармақ 6
6. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстардың тарифтері, отбасының жиынтық табысының мөлшері мен отбасының құрамы өзгерген жағдайда, тұрғын үй көмегінің сомасы өзгеруі мүмкін.
"Теміртау қаласының жұмыспен Өтініш беруші
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ________________
мемлекеттік мекемесінің бастығы (қолы)
__________________________________
(қолы)
Басқа 159
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
3-қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
Отбасы құрамы және тұратын тұрғын үйдің жалпы ауданының көлемі туралы МӘЛІМЕТ
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(үйдің мекен-жайы)
Өтініш берушінің отбасылық жағдайы __________________________________
Отбасы __ адамнан құрылған. Тұрғын үйдің ауданы _________ шаршы метр.
________ жылғы N ____ _______________________________________________
(тұрғын үйге құқық беретін құжаттың атауы)
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Туылған күні, айы, жылы
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Өтініш берушінің қолы ___________ Маманның қолы _________
Күні __________________________________
Басқа 160
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
4-қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
20 ___ жылғы _______________ тоқсандағы өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табысы туралы
МӘЛІМЕТ
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
т/б N
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Құжатпен расталған табыстардың сомасы
Басқа да мәлімделген табыстар
табыс түрі
сомасы, теңге
табыс түрі
сомасы, теңге
Өтініш берушінің қолы _______________________ Маманның қолы ___________________________
Күні __________________________________
Басқа 161
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
5-қосымша
20 ___ жылғы _______________ тоқсандағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстар туралы
МӘЛІМЕТ
_____________________________________________ Әлеуметтік топ
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) зейнеткер -
_____________________________________________ мүгедек -
(үйдің мекен-жайы) жұмысшы -
жұмыссыз -
басқалары -
Тұрғын үйдің жалпы ауданы _____ ш.м. Бөлме саны ____ Әлеуметтік норма _____________ ш.м.
Үйдің жалпы сипаттамасы ____________________________________________
(орталықтандырылған немесе баллонды газ, электр плитасы)
20 ___ жылғы ____ тоқсандағы жиынтық табыс _____________
т/б N
Төлем түрі
_______
(ай) есептелгені
_______
(ай) есептелгені
________
(ай) есептелгені
1
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалған шығыстар
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған нысаналы жарна
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарна
2
Жылу беру (орталықтандырылған жылыту, қатты отын)
3
Суық су
4
Кәріз
5
Ыстық су
6
Қоқыс шығару
7
Электр энергиясы
8
Газ
9
Телефон
10
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы
11
Лифттерді жөндеу
БАРЛЫҒЫ:
20 ___ ж. "___"____________ Маманның қолы _______________________
Басқа 162
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
6-қосымша
Қуаңшылық дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
1 сотық жерден алынған орташа өнімділік, кг
1 сотық жерге жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 сотық жерден өндірілген өнімнің құны, теңге (2 т. х 4 т.)
1 сотық жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге(5 т. - 3 т.)
1
2
3
4
5
6
Бидай
20
268
Арпа
25
188
Қарақұмық
5
150
Жүгері (жасыл салмағы)
100
128
Көп жылдық шөптер
15
91
Бір жылдық шөптер
10
83
Картоп
70
1164
Көкөніс
80
1245
Бақша дақылдары
115
518
Тұқымды бақша (алма, алмұрт және т.б.)
30
583
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, алхоры және т.б.)
22
514
Жидек дақылдары
23
819
Жүзім
22
595
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастан алынған орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, (1 л, он дана жұмыртқа) теңге
1 бастан алынған өнімнің орташа құны, теңге (2 т. х 4 т.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 т. - 3 т.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1900
21034
Етті ірі қара мал (ет)
179
16435
Шошқа (шошқа еті)
110
9107
Қой, ешкі (еті/жүні)
22/2,5
3042
Жылқы (жылқы еті)
124
7446
Түйе (түйе еті)
126
2979
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
200 жұмыртқа
728
Етті құс (құс еті)
2,5
489
Басқа 163
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
7-қосымша
ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҮЙ МАЛЫ МЕН ҚҰСЫНЫҢ ЖАСЫ
Малдың түрі
Өлшем бірлігі
Өнім беретін жағдайға жеткен мал төлінің және құстың жасы
Ірі қара мал
ай
25
Қой мен ешкі
ай
12
Шошқа
ай
10
Жылқы
ай
16
Түйе
ай
18
Жұмыртқалайтын құс
күн
195
Етті құс
күн
125
Басқа 164
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
8-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің
ҮЛГІЛІК ЖЕКЕ НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________
Үйінің мекен-жайы ___________________________________________________
Ауыл шаруашылық дақылдардың, үй малы мен құсының түрлері
Жер, сотық көлемі, бас саны
Жылдық табыстың нормативі, теңге
Жылдық табыстық барлығы, теңге
Тоқсандық табыстың барлығы, теңге
Бидай
Арпа
Дәнге арналған жүгері
Күріш
Қарақұмық
Картоп
Көкөніс
Бақша дақылдары
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Темекі
Тұқымды бақша
Сүйекті жеміс бақтары
Жидек дақылдары
Жүзім
Көп жылдық шөптер
Бір жылдық шөптер
Жасыл жемге арналған жүгері
Сүтті ірі қара мал
Етті ірі қара мал
Шошқа
Қой мен ешкі
Жылқы
Түйе
Жұмыртқалайтын құс
Етті құс
Барлығы: жылдық табыс
Х
Х
Х
Барлығы: тоқсандық табыс
Х
Х
Х
20____ ж. "____"____________ __________________________
(өтініш берушінің қолы)
(Есепті орындаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы) ________________________