Құжат мәтініне өту

Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Өзге акт · № 5 · қабылданған 20.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.11.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54991/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 5 ·20.09.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

ҚАЗҚызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5 · қабылданған 20.09.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5
Қабылданған күні
20.09.2010
Көрсетілген редакция
17.11.2010 · қолданыстағы 54991_208820.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
17.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CDF00103
ЭКБ идентификаторы
54991
Редакция идентификаторы
54991_208820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:19

0 Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27, 30 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарын және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 15 қыркүйек 2010 жылғы № 4-2\621 санды ұсынысын басшылыққа ала отырып, селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде мүйізді ірі қара малдарынан жұқпалы пастереллез ауруы анықталуына байланысты бұл ауруды басқа елді мекендерге таратпау мақсатында шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.

2 2. Шектеу шаралары бойынша:

шектеу жарияланған Кемерши елді мекендер көлемінен ауылшаруашылық малдарын айдап әкетуге, әкелуге, бұл жерлер арқылы өтуге шектеу қойылсын;
барлық мал өнімдеріне өндірудің сақтық шаралары жүргізілсін.

3

3. Селолық округі әкімі аппаратының бас мал дәрігері, бас маманы (М. Абишов) ауырып өлген малдарды көметін мал моласына салып өртеу, елді мекен көлемінде пастереллез ауруына қарсы егу жұмыстарын малдәрігерлік заңдылықтар негізінде жүргізу және ол малдардың ұдайы малдәрігерлік бақылауда болуын қамтамасыз ету, ауру шыққан қожалықтардың ауласын, мал қораларын бұл аурумен күрес ережесіне сай залалсыздандыру шараларын алу тапсырылсын.

4 4. Селолық дәрігерлік емхананың бас дәрігері (А. Жұлдызбай) елді мекеннің санитарлық жағдайын бақылауға алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын өз міндетіме аламын.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.