Құжат мәтініне өту

Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Өзге акт · № 11 · қабылданған 20.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.11.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54992/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 ·20.09.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

ҚАЗЖарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 · қабылданған 20.09.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
20.09.2010
Көрсетілген редакция
22.11.2010 · қолданыстағы 54992_208819.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
22.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CDC00104
ЭКБ идентификаторы
54992
Редакция идентификаторы
54992_208819
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:19

0 Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27, 30 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптары, Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 4–2/622 санды ұсынысын басшылыққа ала отырып, село округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекеніндегі мүйізді ірі қарадан жұқпалы пастереллез ауруының анықталуына байланысты бұл ауруды басқа елді мекендерге таратпау мақсатында шектеу іс – шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.

2 2. Шектеу шаралары бойынша:

шектеу жарияланған елді мекендер көлемінен ауылшаруашылық малдарын айдап әкету, әкелу және бұл жерлер арқылы өтуге шектеу қойылсын;
барлық мал өнімдерін өндірудің сақтық шаралары жүргізілсін;

3

3. Село округі әкімі аппаратының бас малдәрігері, бас маманына (Қ. Шанин) ауырып өлген малдарды көметін мал моласына салып өртеу, елді мекен көлемінде пастереллез ауруына қарсы егу жұмыстарын малдәрігерлік заңдылықтар негізінде жүргізу және ол малдардың ұдайы малдәрігерлік бақылауда болуын қамтамасыз ету, ауру шыққан қожалықтардың ауласын, мал қораларын бұл аурумен күрес ережесіне сай залалсыздандыру шараларын алу тапсырылсын.

4 4. Селолық дәрігерлік емхананың бас дәрігеріне (С. Тілегенов) елді мекеннің санитарлық жағдайын бақылауға алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауыма аламын.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.