Қордай ауылындағы Зеленая көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қордай ауылындағы Зеленая көшесінің атауын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабындағы 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қордай ауылындағы Зеленая көшесінің атауы Ойшы Шынтасов атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.