Об утверждении положения о департаменте по труду и социальной защиты населения Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент туралы ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.12.27 № 38 шешімімен. «Орталық атқарушы органдар құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдар санын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 29.10.96 жылғы № 3168 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi Ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы № 290 қаулысына, «Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департамент құру туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы № 21 шешiмiн орындауға сәйкес облыс әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстiк Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департамент туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2198 заңды күшi бар Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының талаптарына сәйкес облыстық әдiлет басқармасы еңбек және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департаменттi тiркеуді жүргiзсiн.