Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп - ұстау Ережесін бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп - ұстау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабы 2-тармағы, 311-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 8)-тармақшасына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса ұсынылған Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аманкелді аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________ Е. Таукеев 2010 жылғы 17 қыркүйекте "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық- эпидемиалогиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Амангелді ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиалогиялық қадағалай басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ А. Оспанбек 2010 жылғы 17 қыркүйекте "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Аманкелді ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ М.Сыздықов 2010 жылғы 17 қыркүйекте
Басқа 3
Мәслихаттың 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 207 шешімімен бекітілген Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстаудың осы Ережелері (әрі қарай-Ереже) Аманкелді ауданы аумағында иттер мен мысықтардың ұстау тәртібін реттеу мақсатымен әзірленген.
Тармақ 2
2. Ереже, меншік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бірдей таратылады. Ережеге қызметтік иттерді ұстайтын құқық қорғау органдардың мемлекеттік мекемелері жатпайды.
Тармақ 3
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Жануарларды ұстау шарты
2. Жануарларды ұстау шарты
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелеріне санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін сақтау керек.
Тармақ 5
5. Көпқабатты үйлердің қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәліздерде) сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттерді ұстауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 6
6. Жеке үй иелеріне иттерді ұстау олардың қашып кетпеуін және жеке үйдің шекарасында ұстауды қадағалау. Үй ауласына кіреберісінде, дарбазада иттер бар екендігі туралы белгі болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Көшеде, аулада, қоғамдық орындарда иесіз, бос жүрген иттер мен мысықтар белгіленген тәртіпте және сақтану ережесін сақтай отырып ауланады.
Тарау 3. 3. Жануарларды ұстау тәртібі
3. Жануарларды ұстау тәртібі
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтардың иелері:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтардың ұстауын негізгі Ереженің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, санитарлық ережелерді сақтау үшін қажетті шараларды қолданады;
Тармақша 3
3) иттер мен мысықтарды қыдыртқанда пайда болған лас қалдықтардан, жалпыға ортақ қолданылатын және басқа да ластанған қоғамдық орындарды тазартады;
Тармақша 4
4) жануарды егу, қарау және емдеуге байланысты осыларды жүзеге асырған тұлғалардың барлық шығындарын өтейді;
Тармақша 5
5) жануарлар адамдарды тістеген, сонымен қатар жануарлардың қапыда опат болған барлық жағдайлар жөнінде селолық округтің ветеринарлық инспекторына немесе ветеринарлық қадағалау бөліміне және денсаулық сақтау органдарын хабарландырады, ауруға күмәнді болған жағдайда, ветеринарлық қызметінің мамандары келгенше, жануарды жеке ұстайды немесе жануарды өз көлігімен, қоғамдық көлікті қолданбай мал дәрігеріне жеткізуі тиіс;
Тармақша 6
6) өліп қалған жануарлардың өлекселерін мал қорымдарында өртеуге немесе өлексе жағатын пештерде өртеуді қамтамасыз етуі керек;
Тармақша 7
7) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дегельминтизацияны өткізу үшін олардың талабы бойынша береді.
Тармақ 9
9. Жануарларды қыдырта жүріп, олардың иелері мына ережелерді ұстану керек:
Тармақша 1
1) иттерді аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың қалдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
Тармақша 2
2) иттерді арнайы бекітілген, қоршалған жерлерде қыдырту керек, егер осындай жерлер болмаса, иттерді қыдырту құла далада жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және қоғамдық орындарда иттерді қысқа жіппен және мұрынға киетін құралмен шығару керек;
Тармақша 4
4) иттердің серуендеуі үшін арнайы белгіленген, қоршалған орындарда және бос жерлерде адамдар жоқ кезде иттерді мойын жіпсіз және мұрынға киетін құралды шешпей жіберу рұқсат етіледі;
Тармақша 5
5) иттерді түнгі уақытта қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз етеді.