Бекзат Саттархановтың атына көше атауын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бекзат Саттархановтың атына көше атауын беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы № 1 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. "Ленин" атындағы көше қазіргі салауаттылық өмір салтына сай, қазақ ұлтынан шыққан марқұм бауырымыз, жиырма жасар, өрімдей жас олимпиада чемпионы "Бекзат Саттархановтың" атындағы көше болып берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жариялағаннан кейін қолданысқа енгізіледі.