О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 733 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысында: 2-тармақтың 2) тармақшасында және 3, 4-тармақтарда "және ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 3-бағанда: реттік нөмірі 4-1-жолда "МАМ-ға" деген сөз "БАМ-ға" деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21, 22, 23, 37, 43-2-жолдарда "МАМ-ға" деген сөз "ММ-ге" деген сөзбен ауыстырылсын; 4-бағанда: реттік нөмірі 5-жолда "МАМ" деген аббревиатура "ММ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірі 17-жолда "МАМ", "ИСМ", "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ММ" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 25-жолда "МАМ" деген аббревиатура "ММ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірлері 29, 41, 42 және 44-жолдарда "МАМ" деген аббревиатура "БАМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірі 46-жолда "МАМ", "ЭБЖМ", "ИСМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ММ" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 25-1-жолдың 3 және 4-бағандарында "МАМ" және "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ММ" және "ЭДСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: "ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "ММ - Қазақстан Республикасы Мәденист министрлігі"; "Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі"; "ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі".
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: 4-бағанда: реттік нөмірлері 7, 20, 40, 42, 47 және 53-жолдарда "МАМ" деген аббревиатура "ММ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірлері 15, 43, 52 және 54-жолдарда "МАМ" деген аббревиатура "БАМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірі 38-жолда "ЭБЖМ" деген аббревиатура "ЭДСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: "ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі"; "Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі"; "АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі".
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 266 Қаулысымен.
Тармақ 5
5. "Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 179 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 3-бағанда: реттік нөмірлері 1 және 2-жолдарда "Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген сөздер "Байланыс және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 4-жолда "және ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 4-жолдың 3-бағанында "және ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда: 13-тармақтың үшінші абзацында "29," деген сандар алынып тасталсын.