Об открытии областной школы-пансиона "Дарын" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Дарын" облыстық мектеп-интернатын ашу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.05.24 № 16 Шешімімен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 мамырдағы "Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттiк қолдау көрсету және дамыту туралы" №3002 өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Өкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi №1125 Қаулысына сәйкес, жаңа бiлiм беру қызметтерiнiң қажеттiлiгiн ескере отырып, облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. 1997 жылдың 1 қыркүйегiнен Солтүстiк Қазақстан университетiнiң жанынан базалық мектеп 9-11 сынып оқушылары үшiн мемлекеттiк емес тұрпаттағы "Дарын" мектеп-пансионы ашылсын.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласының әкiмi /Ходеев П.Ф./ "Дарын" мектебiнiң оқушылары үшiн пансион ұйымдастыру үшiн мүлкiмен бiрге "Ксомос" балалар бақшасын /Первомай к.118/ берсiн.
Тармақ 3
3. Меммүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитет /Жақыпов Қ.Ө./ "Ксомос" балалар бақшасын берудi сәйкес құжаттармен рәсiмдесiн.
Тармақ 4
4. Бiлiм департаментi /Ваховский Ф.И./ жаңадан құрылатын мектеп- пансионның сапалы қызмет жасауына бақылауды қамтамасыз етсiн.