Қолданыстағы ред. 10.09.2010

Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы от 10.09.2010 г. № 38-250-IV (Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы)

0

Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
4,90 гектар және 3,90 гектар жер учаскелері елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шекарасы жалпы ауданы 98,14 гектар болып;
2,60 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жамбыл ауылының шекарасы жалпы ауданы 23,20 гектар болып;
37,50 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Мақталы ауылдық округі Мұратбаев ауылының шекарасы жалпы ауданы 88,90 гектар болып;
29,20 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Мақталы ауылдық округі Жібек жолы ауылының шекарасы жалпы ауданы 50,52 гектар болып белгіленсін.

2

2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.