Об организации тендера передачи в аренду водоемов на территории Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы суаттарды жалдық тендерге тапсыруды ұйымдастыру жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 08.04.1999 № 69 шешімімен
Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және оны пайдалану жөніндегі» Заңды, 04.12.96 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Балық аулау және Қазақстан Республикасында басқа да су жануарларын аулау-өндіру жөніндегі № 1480 Ережесін басшылыққа ала отырып және суаттардың биоресурстарын тиімді және кешенді пайдалану, суаттарда балық кәсіпшілігі, немесе балық аулаумен айналасатын барлық меншіктегі кәсіпорындар мен жекелеген азаматтарға бірдей экономикалық жағдайлар жасау мақсаттарында,сондай-ақ жануарлар әлемін көбейту мен оларды қорғауды қамтамасыз ету, жергілікті өкімет оргаңдары мен табиғатты пайдаланушы басқармалардың қаржылық қорларын қалыптастыру үшін облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Барлық меншіктегі шаруашылық жүргізуші субьектілерге, заңды және жеке тұлғаларға облыстың суаттарын беру тек қана өткізілген тендерлер негізінде жалға беру жағдайында ғана жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Тендер өткізу үшін төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Куликов Н.Ф. - облыстық экология және биоресурстар басқармасының бастығы, комиссия төрағасы.
Прима В.И. - жануарлар әлемін қорғау инспекциясының бастыгы, төрағаның орынбасары
Кабанова О.А. -жануарлар әлемін қорғау инспекциясының маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Мавлоютов А.Х. - облыс әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі
Симоненко В.И. - су ресурстары жөніндегі комитеттің төрағасы
Сәрсенов Қ.Қ. - жеркомитетінің бас маманы
Коломин Ю. М. -Солтүстік Қазақстан университетінің доценті
Куликов А.Д. - жануарлар әлемін қорғау инспекциясы бастығының орынбасары
Тармақ 3
3. Тендр өткізу жөніндегі жұмыс комиссиясы оны өткізу шарттары мен тәртібі туралы әзірлеме дайындасын және облыс әкімінің шешімімен айқындалған тендерлік комиссияға шығарсын.
Тармақ 4
4. Теңдерге барлық шаруашылық жүргізуші жеке және заңды тұлғалар/арыз бере отырып/қатыса алады, сонын ішінде бұрын суаттар бекітілгендер де.
Тармақ 5
5. Суаттар жалға кемінде 7 жыл мерзімге берілсін.
Тармақ 6
6. Тендрлерге қорғалатын суаттарды қорықтардағы, ұлттық табиғи парктердегі, заказниктердегі және аналық балықтар өсіруге арналған суаттарды/ шығаруға/қоюға/ болмайды.
Тармақ 7
7. Жалгерлер ресурстарды пайдаланғаны үшін тендерде анықталған көлемде, мерзімде төлемдер мен Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған салықтар төлейді.
Тармақ 8
8. Әкологиялық талаптар орындалмаған жағдайда; биоресурстар үшін төлемақы уақытында төленбегенде; салықтар төленбегенде; және де басқа талаптар бұзылған жағдайларда жалға беруші табиғатты пайдаланушымен араларындағы келісім-шартты бұзады.
Тармақ 9
9. Әуесқойлық балық аулау жалға алушымен және қоршаған ортаны қорғаушы органдармен келісім бойынша іске асырылады.
Тармақ 10
10. Тендерде сұранысқа ие болмаған суаттар мемлекеттік резервте болады және аудан әкімдерінің билігінде қалады жене кейін табиғат пайдаланушылардан арыз түсуіне қарай екінші рет тендерге шығарылады.
Тармақ 11
11. Әкімдермен бұрын балық шаруашылығы және биоресурстар жөнінде қабылдаған барлық шешімдер тоқтатылсын.
Тармақ 12
12. Облыстың газет редакциялары осы шешімді бұқаралық ақпараттарда, телерадиокомпанияда теле-радио арқылы хабарласын.
Тармақ 13
13. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық экология және биоресурстар басқармасы мен жануарлар әлемін қорғау инспекциясына /Куликов Н.Ф., Прима В.И./ жүктелсін.