Қазығұрт ауылы округіндегі атауы жоқ көшелерге атау беру жайлы Қолданыста
Басқа 0
Қазығұрт ауылы округіндегі атауы жоқ көшелерге атау беру жайлы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауылы округіндегі атауы жоқ көшелерге Табыс, Ырыс, Береке, Қырғызбай Есіркепов, Әбдірахим Фахрутдинов, Орман Байжұманов, Құрман Қабылбеков, Шамұрат Абуов, Нұртаза Ысмайлов, Қазына атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің бас маман жер инспекторы М.Усербаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.