Об утверждении Правил ведения Государственного реестра международных договоров Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» (бұдан әрі - халықаралық шарттар) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (және) немесе халықаралық ұйыммен (ұйымдармен) жасасқан халықаралық шарттарды тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі - орталық органдар) атынан жасалған халықаралық шарттар тіркеуге, есепке алуға және сақтауға жатады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімі - халықаралық шарттардың түпнұсқалары мен депозитарий ресми куәландырған көшірмелерін, олардың деректемелерін және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүргізуінде болады.
Тарау 2. 2. Халықаралық шарттарды тіркеу
2. Халықаралық шарттарды тіркеу
Тармақ 5
5. Орталық орган Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық шарт жасасқан күннен бастап екі апта мерзімде оның түпнұсқасын уәкілетті органға жолдайды.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жасалған халықаралық шарттың түпнұсқасын немесе оның ресми куәландырылған көшірмесін дипломатиялық арналар арқылы алған кезде уәкілетті орган тиісті халықаралық шартты тіркеуді дербес жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Халықаралық шарт орталық органның атынан жасалған жағдайда халықаралық шарт жасалған күннен бастап екі апта мерзімде орталық орган куәландырған тиісті халықаралық шарттың көшірмесі уәкілетті органға жолданады. Депозитарийден (халықаралық ұйымнан немесе шет мемлекеттен) халықаралық шарттың ресми куәландырылған көшірмесін алған жағдайда орталық орган оны алған сәттен бастап екі апта мерзімде уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 8
8. Халықаралық шарттың түпнұсқасына немесе депозитарий ресми куәландырған көшірмесіне орталық орган басшысының қолы қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Халықаралық шарттың түпнұсқасы немесе ресми куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ оған қоса берілетін анықтама келіп түскен кезде уәкілетті орган он бес жұмыс күнінің ішінде халықаралық шарттың және оның жасалу тәртібінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 2, 8 - 10-баптарына сәйкестігін анықтайды.
Тармақ 10
10. Заңның 2, 8 - 10-баптарына сәйкестігі анықталған жағдайда уәкілетті орган халықаралық шартты Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізіліміне енгізеді. Заңның белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін халықаралық шарт он бес жұмыс күнінің ішінде қайтарудың себептерін дәлелді негіздеумен және тіркеу үшін қажетті іс-әрекеттерді ұсына отырып орталық органға қайтарылады.
Тармақ 11
11. Халықаралық шарттарды тіркеу кезінде халықаралық шарттарды тіркеу журналында жазба жасалады. Журнал байланады, нөмірленеді, жауапты адам қол қояды және уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Журнал беттерін нөмірлеу өн бойына болып табылады. Қарындашпен жазуға, түзетуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілгеннен кейін уәкілетті орган ресми куәландырған халықаралық шарттың көшірмесі көрсетілген халықаралық шарттың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау үшін, ал оларды орындау қажет болмаған кезде - осы халықаралық шарттан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру бойынша одан арғы шараларды қамтамасыз ету үшін орталық органға жолданады.
Тарау 3. 3. Халықаралық шарттарды есепке алу
3. Халықаралық шарттарды есепке алу
Тармақ 13
13. Халықаралық шарттарды есепке алу оны өзекті күйде ұстау мақсатында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді білдіреді.
Тармақ 14
14. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу көрсетілген Тізілімге енгізілген халықаралық шарттар өзгертілген, қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті орган дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен өтініштің негізінде немесе орталық орган басшысының қолы қойылған орталық органның өтініші негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Көрсетілген Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тиісті халықаралық шарттың жанына осы халықаралық шартты өзгертуге, қолданылуын тоқтатуға немесе тоқтата тұруға негіз болған тиісті нормативтік құқықтық актіге сілтемемен актінің күні мен нөмірін көрсетіп, жазба енгізіледі.
Тармақ 17
17. Орталық органның Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініші осы Ереженің 5 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 18
18. Халықаралық шарттардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде орталық орган уәкілетті органға тиісті сауалдар жібереді. Алынған сауалдардың негізінде уәкілетті орган көп жақты халықаралық шарттардың дипозитарийі функциясын орындайтын шет мемлекеттердің мүдделі органдарынан, халықаралық ұйымдардан қажетті мәліметтерді сұратады.
Тармақ 19
19. Орталық орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда уәкілетті орган қарауына тиісті өкілеттіктер берілген орталық органды хабардар ету негізінде Халықаралық шарттардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тарау 4. 4. Халықаралық шарттарды сақтау
4. Халықаралық шарттарды сақтау
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген халықаралық шарттардың түпнұсқалары және көп жақты халықаралық шарттардың депозитарийлері ресми куәландырған көшірмелері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мұрағатында сақталады.
Тармақ 21
21. Орталық органдардың атынан жасалған халықаралық шарттардың түпнұсқалары орталық органдардың мұрағаттарында сақталады.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының халықаралық шартына анықтама
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасына қосымша Қазақстан Республикасының халықаралық шартына анықтама Р/с № Мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі Әзір­ле­у­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ақ­па­ра­ты 1. Жа­сал­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ата­уы 2. Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың жа­са­лу кү­ні 3. Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың жа­са­лу ор­ны 4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­ты­на қол қой­ған адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) және ла­у­а­зы­мы 5. Ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа шет мем­ле­кет (ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым) аты­нан қол қой­ған адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) және ла­у­а­зы­мы 6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шарт мәті­нін қа­был­дау, қол қою, сон­дай-ақ осы іс-әре­кет­тер­ді жа­са­у­ға өкі­лет­ті­лік бе­ру ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық акт де­ректе­ме­ле­рі 7. Ха­лы­қа­ра­лық шарт бой­ын­ша қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­у­ға жа­у­ап­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­га­ны­ның ата­уы Мемлекеттік органның бірінші басшысы ________/ _______________________ қолы қолдың толық жазылуы ____________ күні