О порядке установки автономных систем отопления в г. Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласында автономдық жылу жүйесін қондыру тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 07.03.2006 N 33 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті және өкілетті органдары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы", "Энергия үнемдеу туралы"
заңдарына сәйкес Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, осы ретте автономдық жылу жүйесін өз бетімен қондыруға жол бермеуді бақылауды жүзеге асыру жолында Алматы қаласының Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаланың орталық және оңтүстік бөліктерінде автономдық жылу көздерін қондыруға тыйым салынсын. Сондай-ақ жылу жүйесі бар жерлерде орталық жылу жүйесін автономдық жылу жүйесіне ауыстыруға рұқсат берілмесін.
Тармақ 2
2. Қаланың оңтүстік аудандарында және басқаларында орталық жылу жүйесі болмаса да, автономдық жылу көздерін қалалық қызметтердің рұқсатымен орнатылсын: Сәулет және қала құрылысы департаменті, Энерго үнемдеу департаменті, Қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаменті автономдық жылу жүйесін қондыруды есепке және бақылауға алсын.
Тармақ 4
4. Автономдық жылу жүйесін орнатуды заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша Алматы қаласы Әкімінің шешіміне сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаментіне мыналар жүктелсін:
- автономдық жылу жүйесін қондыруды есепке алу және тіркеу;
- автономдық жылу жүйесін қондыру жөнінде "Тапсырыс берушінің" жоба құжатын келістіруді бақылауға алсын.
Тармақ 6
6. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы ауаға артық заттардың шығуына жол бермеуді тұрақты бақылауға алуда жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсін.