Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр және Майлышат ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр және Майлышат ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 72-04-16/1013 келісімінің негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр ауылындағы атаусыз көшелерге Бейбітшілік және Достық аты қойылсын.
Тармақ 2
2. Ақжар ауылдық округіне қарасты Майлышат ауылындағы атаусыз көшеге Ынтымақ аты қойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Ақжар ауылдық округінің заңгер жөніндегі бас маманы Дабыл Тұрысбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.