Көшелердің аттарын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелердің аттарын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14–бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының ұсынысы мен пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Майлыкент ауылдық округіне қарасты: Т.Рысқұлов ауылындағы «Вишневая» көшесінің аты «Зерде» көшесі, «Заготскотская» көшесінің аты «Бозжорға» көшесі, «Инкубаторная» көшесінің аты «Ғаламат» көшесі, «Космонавтов» бұрылысын «Ұшқыштар» көшесі, «Надречная» көшесінің аты «Арыс» көшесі, «Новостройка» көшесінің аты «Жаңа ғасыр» көшесі, «Подгорная» көшесінің аты «Алатау» көшесі, «Садовая» көшесінің аты «Жемісті» көшесі, «Степная» көшесінің аты «Егіндік» көшесі, «Ящина» көшесінің аты «Келешек» көшесі, «Студенческая» көшесінің аты «Жастықшақ» көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.