Об утверждении Правил мониторинга за обеспечением выполнения международных договоров Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі - орталық мемлекеттік органдар) міндеттемелерді міндетті және адал орындауын және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мониторингі тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторинг бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді құзыретіне халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылау жататын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Халықаралық шарттарға мониторинг жүргізу
2. Халықаралық шарттарға мониторинг жүргізу
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторингті (бұдан әрі – халықаралық шарттарға мониторинг) орталық мемлекеттік органның басшысы анықтайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – бөлімшелер) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Халықаралық шарттарға мониторингті тиісті орталық мемлекеттік орган оларға қатысты осы орталық мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жасасу туралы ұсыныс енгізген, сондай-ақ бұрын жасалған халықаралық шарттар бойынша тұрақты негізде бөлімшелер жүргізеді.
Тармақ 5
5. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын, 10 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) күшіне енген халықаралық шарттардың ағымдағы жыл ішінде орындалу барысы туралы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы уағдаласушы тарапы болып табылатын қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы ақпарат береді. Күшіне енген халықаралық шарттар туралы ақпарат:
Тармақша 1
1) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалауды талдауды;
Тармақша 2
2) халықаралық шарттардың орындалуы барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қамтуы тиіс.
Тармақ 6
6. Халықаралық шарттарға мониторинг жүргізген кезде орталық мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) тиісті орталық мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелерді реттейтін халықаралық шарттардың ережелерін;
Тармақша 2
2) халықаралық шарттардың реттеу мәніне байланысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
Тармақша 3
3) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мен құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ көрсетілген міндеттемелерді халықаралық шарттың басқа қатысушыларының орындауы туралы мәліметтерді (статистикалық мәліметтерді қоса алғанда);
Тармақша 4
4) халықаралық шарттарды орындауға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қол жетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурстарда жарияланымдарды;
Тармақша 5
5) бар болған жағдайда, халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мен құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдарда ұсынылған Қазақстан Республикасының мерзімдік баяндамаларын (есептерін);
Тармақша 6
6) халықаралық шарттардың, оның ішінде жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының мерзімді баяндамаларын қорғау қорытындылары бойынша дипломатиялық арналар арқылы алынғандардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдардың, халықаралық сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсынымдарын;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың ұсынымдары мен ұсыныстарын талдайды.
Тармақ 7
7. Ақпарат электрондық және қағаз тасымалдағыштарда қазақ және орыс тілдерінде орталық мемлекеттік орган басшысының қолы қойылып, уәкілетті органға беріледі.
Тарау 3. 3. Халықаралық шарттарға мониторингті үйлестіру
3. Халықаралық шарттарға мониторингті үйлестіру
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Премьер-Министр Кеңсесі) жібереді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган жиынтық ақпаратқа халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелерін қоса береді.
Тармақ 10
10. Премьер-Министрдің Кеңсесі жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында анықталған тәртіппен жібереді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган жыл сайынғы талдау мен орталық мемлекеттік органдар жүргізетін халықаралық шарттарға мониторингтің қорытындыларын өз интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 12
12. Осы Қағиданың 8 - 10-тармақтарын іске асыру электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.