О состоянии и перспективах развития социальной сферы области в свете Послания Президента страны народу Казахстана Қолданыста
Басқа 0
Облыс әлеуметтік саласының жағдайы және оның ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес дамуының болашағы туралы
Облыстық Мәслихаттың XIX сессиясы «Облыс әлеуметтік саласының жағдайы және оның ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес дамуының болашағы туралы» мәселені талқылап, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің облыс халқына білім беру және мәдени деңгейін арттыруда, халықтың денсаулығын, игілігін қамтамасыз етуде бірсыпыра шараларды жүзеге асырғанын атап өтеді.
Жалпыға бірдей білім беру мектептерінің жүйесін дамытуда оқушыларды зерделеп оқытуда, оқу орындарын жаңа экономикалық жұмыс жағдайына дағдыландыруда мақсатты жұмыстар жүргізіліп отыр. Балаларды мектепке толық қатыстыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы» Мемлекеттік бағдарламасын орындау және білім беру саласын үйлестіру жөнінде шаралар алынған. Мәдениет мекемелерінің ақылы қызметінің ауқымы артып, өткізілетін мәдени-көпшілік жұмыстарының түрлері мен әдістері жетілдіруде, мәдениет мекемелерінің үлгілері үйлестірілуде. Селолық жерлерде қызмет көрсетудің мәдени-спорттық Орталықтарын құру жұмысы жүріп жатыр. Облыста денешынықтыру ұжымдары мен спорт ұйымдары тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шарасын жүзеге асыруда. Бұқаралық спортты дамытудың 1997-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы қабылданған. Биылғы жылы әлемдік және Азия біріншіліктерден, халықаралық жарыстардан облыс спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медалдарын олжалады. Президент Жолдауын талқылауға арналған облыс активі жиналысында қалың жұртшылықты денешынықтыру мен спортқа кеңінен қатыстыру жөнінде үндеу қабылданды.
Сонымен қатар білім беру саласында оқытудың жаңа түрлерін енгізудің кейбір онды жақтары көрініс тапқанмен, оқыту процесін жетілдіру, оқушылар мен балаларды тәрбиелеу ісі талапқа сай болмай отыр. Жаңа мектептер құрылысын салу тоқтатылуына байланысты Атырау қаласы мен Жылыой ауданында мектеп сыныптары бала тығыздығынан қолайсыздық көруде. Тек қана 1996 жылы қаржы қиындығынан облыстың мектепке дейінгі мекемелерінің төрттен бірінен астамы жабылып қалды. Мектептен тыс мекемелерде оқитын оқушылар контингенті қысқарды.
Денсаулық сақтау жүйелерін реформалау, емдеу, профилактикалық мекемелер жүйесі мен құрылымын үйлестіру жұмыстарынан жүргізілуіне, міндетті медициналық сақтандырудың, селоларда денсаулық сақтау үшін жеке басқа шағын қаржыландырудың енгізілуіне қарамастан, бұл саладағы жағдай сын көтермейді. Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері нашарлап кетті, әлеуметтік залалды және ерекше қауіпті аурулардың саны өсіп отыр, медициналық жәрдемге қол жеткізілім бәсеңдеді, аурулардың алдын алу, сырқатты анықтау, емдеу жұмыстары көңіл толтырмайды. Тұрғындарға медициналық жәрдем көрсетуді жақсарту ісінде қолда бар мүмкіндіктер толық пайдаланбай отыр. Емдеу-диагностикалық процестер қарқынын арттыру қажеттігі туындады.
Өкпе аурулары мен иммунопрфилактика жөнінде қабылданған облыстық бағдарлама 1997 жылы бірден-бір рет қаржыландырылмады, медициналық қызмет көрсету шығынын міндетті медициналық сақтандыру қоры тек 65 прцент мөлшерінде ғана өтеп отыр.
Құрманғазы және Мақат аудандарында селолық мәдениет мекемелерінің жүйесін негізсіз қысқарту орын алып отыр. Мәдени шараларды қаржыландырудың түрлері нашар дамытылған, облыстық драматеатрын жөндеу ұзаққа созылуда, облыстық өлке тану мұражайы қайта жөндеуді қажет етеді.
Облыстық мәслихаттың XIX сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт мекемелерін үйлестіруді жалғастыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінен өтініш жасалған. Жыл сайын, 1998 жылдан бастап Президент Жолдауына сәйкес салауатты өмір салты қалыптастыру жөнінде арнайы бағдарлама әзірленсін, оның орындалуын қатаң бақылауға алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы, қала және аудандар әкімдері облыс бюджетін жасақтау кезінде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт мекемелерін қаржыландыру мәселесіне салауатты қоғамды қалыптастырудың басымдық жүйесі тұрғысынан қарайтын болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы облыстың жұмыс істемейтін тұрғындары үшін міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлімін облыстық бюджетке түскен кірістер шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстың білім беру басқармасы мектептердегі үш ауысымдық оқытуды жою, сыныптардың жобадан артық толымдылығын азайту мақсатында қаладағы мектептер жүйесін дамыту Бағдарламасын дайындап, ұсынатын болсын.
Тармақ 5
5. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 1998-1999 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің жалпы контингентін азайту есебінен «шетел тілі» мамандығы бойынша студенттер қабылдауды көбейтудің шараларын қарайтын болсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім беру басқармасы, қала және аудандар әкімдері кешкі-сырттай және аз комплектілі мектептер, әсіресе облыстың аз қоныстанған ауылдық елді мекендерінен, ашу мүмкіндігін қарасын.
Тармақ 7
7. Облыстық мәдениет басқармасы:
- мәдениет мекемелері мен тарихи-мәдени обьектілерді сақтау және мүмкіндіктерін толық пайдалану мақсатында мәдениет мекемелері саласын қаржыландырудың көп каналдық принциптерін (бюджет, қорлар, меценаттық, демеушілік, селолық жерлердегі жаңа агроқұрылымдар қаржылары және т.б.) толық пайдалансын;
- Құрманғазының 175 жылдығы, облыстың 60 жылдығы сияқты мерейтойлық оқиғаларға дайындалу және өткізу кезінде оларды Атырау аймағының тұрғындарының мәдениетін қалыптастырудағы маңызына, өлкеміздің мәдени мұрасын насихаттауға баса назар аударсын.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау, қаржы басқармалары жаңадан Денсаулық орталығын ұйымдастырсын. Оған облыс тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын үйлестіру жүктелсін.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы басқармасы облыстық өлкетану мұражайына қайта жаңарту жүргізуге қаржы бөлуді 1998 жылдың бюджетіне енгізетін болсын.
Тармақ 10
10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлімшесі халыққа медициналық жәрдем көрсетудің барлық кезеңдерінде емдеу-диагностикалық процестерді үйлестіруді, қарқынын арттыруды негізгі міндет деп есептесін. Жатып емделу мен емханалық емделуді ұйымдастыру мен технологиясын профилактикалық бағыттарда басымдық бере отырып қайта қарасын.
Тармақ 11
11. Облыстық туризм және спорт басқармасы:
- облыс халқының физикалық дайындығын Президенттік Тестен (сынақтан) өткізуді енгізілсін;
- денешынықтыру және спорт құралдары арқылы барлық аудандар мен қалада «Облыс халқын сауықтыру Бағдарламасы» жүзеге асырылсын.
Тармақ 12
12. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік саладағы реформалар барысын кеңінен жарияласын, оң тәжірибелерге қолдау жасасын.
Тармақ 13
13. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әлеуметтік саясат және ұлт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Ж.М.Кәрин).