О штатной численности, структуре Администрации Президента Республики Казахстан и перечне должностных лиц, обеспечивающих деятельность Президента Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы, штат саны және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін органдар мен лауазымды адамдардың тізбесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 11.02.2002 N 806 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 325 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Министрі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің штат санын 4 бірлікке ұлғайтсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 12.05.2000 N 391; 12.10.2000 N 471 Жарлықтарымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымы мен Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санына осы Жарлықтың 2-тармағымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдар кіреді деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереженің 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комиссия қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тиісті құрылымдық
бөлімшесі жүзеге асырады".
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 427-құжат) 1, 2, 3-тармақтарының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 3470 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 128-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:
7-тармағының үшінші абзацы алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін хатшылығы жүзеге асырады".
Тармақ 8
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің
құрылымы мен Қазақстан Республикасы Президентінің
қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 24 наурыздағы
N 89 Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің
құрылымы мен Қазақстан Республикасы Президентінің
қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі
📌 Ескерту. Құрылымға өзгерістер енгізіді - ҚР Президентінің 12.05.2000 N 391; 26.01.2001 N 542 Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін
қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері
жөніндегі көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Қазақстан Республикасының Президенті
Әкімшілігінің құрылымы
Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары
Президенттің көмекшісі мен кеңесшілері
Президенттің Парламенттегі Өкілдігі
Президент Кеңсесі
Президенттің Хаттама қызметі
Президенттің Баспасөз қызметі
Мемлекеттік-құқық бөлімі
Ұйымдастыру-бақылау бөлімі
Қоғамдық-саяси бөлім
Жалпы бөлім
Кадр жұмысы бөлімі
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі
Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Әкімшілік Басшысының хатшылығы
Президент көмекшісінің хатшылығы
Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығы
Әскери және әскери-техникалық мәселелер жөніндегі сарапшылар тобы
Президент Әкімшілігінің бухгалтериясы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің
Экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімі