О присвоении наименования новой улице города Тараз Қолданыста
Басқа 0
Тараз қаласының жаңа көшесіне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13- бабындағы 4) тармақшасы негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тараз қаласының «Бурыл» алқабындағы Сакен Смайлұлы көшесі мен Саудакент көшелерінің аралығында орналасқан жалғыз, жаңа көшеге Ергаш Досмухамедовтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.