Об организации контроля за экологической обстановкой на угольных разрезах города Экибастуза Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қаласы көмір кеніштерінің экологиялық жағдайына бақылау ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 20004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Көмір кеніштері мен үйінділерінің эндогендік өрттердің жиілеуі Екібастұз қаласында экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және тұрғын үй аймағындағы атмосфералық ауаның жағдайына үнемі бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының әкімі:
қошаған ортаның жай-күйіне зерттеу жүргізу және Екібастұз қаласының өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындарының табиғат қорғау шараларын орындаулары жөніндегі жұмыс комиссиясын;
қалалық бюджеттен қаржыландырылатын экологиялық қызметті ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Зертхананы жабдықтауға арналған қажетті құралдар мен экологиялық реактивтерді сатып алу және Екібастұз қаласындағы тұрғын аумағы қоршаған ортасының мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін «Павлодар гидрометеорология орталығы» мемлекеттік кәсіпорнына қоршаған ортаны қорғау облыстық (161 айырықшалық бойынша облыс әкімінің сақтық қорынан) 850000 (сегіз жүз елу мың) теңге бөлінсін.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы:
жер қойнауын қорғау жөніндегі облыстық аймақтық инспекциясы облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен бір отырып, тау-кен жұмыстарын атқару технологиясының сақтауна, табиғатты қорғау шараларының орындалуына үнемі бақылау жүзеге асырсын және жөнсіздіктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытында шаралар қолданатын болсын;
Екібастұз қаласында қоршаған орта мониторингін жүзеге асыру «Павлодар гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік қорнына бір автокөлік беру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.