Об утверждении Правил передачи в собственность субъектам малого предпринимательства неиспользуемых помещений и объектов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді беру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жалғанған өндірістік қызмет ұйымдастыру және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне берудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы жоғарыда көрсетілген Ереженің жұмыс істеп тұрған зандарға сәйкес тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін.
Басқа 4
Атырау облысы әкімінің 2000 жылғы 22 ақпан № 357 шешімімен бекітілген Өндірістік қызмет ұйымдастыру және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар ұйымдардын пайдаланылмай тұрған жағдайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне берудің Ережелері
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына және 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасақталған және өткізілген тендер бойынша жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген бітпеген құрылыс объектісін (алға қарай-бітпеген құрылыс объектісі) бір жыл мерзімге жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға (алға қарай-объект) берілген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беруді реттейді.
Тармақ 2
2. Объектіні жалдау немесе сенімгерлікпен басқару келісімі жасалғанда белгіленген мерзімі аяқталған соң, шағын кәсіпкерлік субъектілері объектіні меншігіне тегін беру туралы өтінішті төмендегі жағдайларда беруге құқылы:
Тармақша 1
1) объектінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің шарттарын толықтай орындағанда;
Тармақша 2
2) объектіні өндірістік қызмет ұйымдастыруға және халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуге (сауда-саттық пен делдалдықтан басқа) пайдаланғанда.
Тармақ 3
3. Объектіні жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімдері шарттарының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен орындалуын бақылау үшін коммуналдық меншік басқармасы жанынан тұрақты жұмыс жасайтын Комиссия құрылады (алға қарай-Комиссия). Комиссия коммуналдық меншік басқармасының тиісті бұйрығымен құрылады. Комиссия төрағасы болып коммуналдық меншік басқармасының бастығы немесе оның орынбасары тағайындалады.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің объектіні жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімі шартарының орындауына бақылау жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімі жасалған күннен алты ай өткен соң объектіге барып тексеру жүргізу арқылы атқарылады. Бітпеген құрылыс объектілері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің шарттарының орындалуын тексеру комиссияның өз еркімен инвестицияның көлемі мен кезеңдеріне, келісімнің шарттарындағы объектіні іске қосу мерзіміне сәйкес жүргізіледі. Бірақ тексерулер жылына бір реттен артық жүргізілмейді, ал адам саны 10-ға дейінгі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үш жылда бір реттен артық жүргізілмейді.
Тармақ 5
5. Жасалған тексерудің нәтижесі бойынша жалдау немесе сенімгерлікпен басқарудың келісім-шарттағы орындалу барысы және өндірістік қызметтің және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ісінің ұйымдастырылуы туралы комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылады. Комиссия тұжырымында жүргізілген тексерудің орны мен уақыты, комиссияның құрамы, объектінің атауы, жасалған жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің реттік саны мен уақыты, өндірістік қызметтің және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ісінің ұйымдастырылуының фактісі, жүргізілген тексерудің нәтижесі, жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімін мерзімінен бұрын бұзудың (сақтаудың) тиімділігі туралы Комиссияның ұйғарымы міндетті түрде болуы қажет. Комиссияның тұжырымымен келіспеген жағдайда әрбір комиссия мүшесі жеке ойын білдіруге құқылы және ол тұжырымда көрсетілуі тиіс.
Тармақ 6
6. Тексеруден кейінге бес күн ішінде хатталған тұжырымның бір данасы объектіні жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға алған кіші кәсіпкерлік субъектісіне қолын қойғызып немесе арнайы хатпен берілуге жатады. Шағын кәсіпкерлік субъектісі комиссияның тұжырымымен келіспеген жағдайда комиссия тұжырымын белгіленген заң тәртібімен бұздыртуға құқылы.
Тармақ 7
7. Тексерудің қортындысы бойынша басқарма төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімін күшінде қалдыру туралы;
Тармақша 2
2) Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің күшін жою және объектіні тендерге шығару туралы. Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімін күшінде қалдыру туралы шешім тек Комиссияның оң қортындысы болғанда және жалдауға немесе сенімгерлікпен басқаруға жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес өндірістік қызметті немесе халыққа қызмет көрсету ісінің ұйымдастырылғанында ғана қабылдануы мүмкін.
Тармақ 8
8. Объектіні жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берген келісімнің мерзімі біткен соң, жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің қалған шарттарының орындалуын және өндірістік қызметті жүргізгенін дәлелдейтін шағын кәсіпкерлік субъектісі тапсырған құжаттар негізінде басқарма шешім етеді.
Тармақша 1
1) Объектіні меншігіне беру туралы (жалдау немесе сенімгерлікпен басқару мерзімі бір жылдан асатын бітпеген құрылыс объектілері бойынша – жалдау немесе сенімгерлікпен басқару келісімін күшінде қалдыру туралы);
Тармақша 2
2) Келісімді бұзу және объектіні тендерге шығару туралы (бітпеген құрылыс объектісі бойынша-мерзімінен бұрын бұзуға) Объектіні меншікке беру тек жалдау немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің шарттарын толық орындағанда қабылдануы мүмкін.
Тармақ 9
9. Объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісіне беру мемлекеттік меншік объектілерін тегін беру туралы келісім мен объектіні тапсыру-қабылдап алу актісі негізінде жүргізіледі. Мәміленің тіркелуі заңмен бекіткен тәртіп бойынша жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімі бұзылғанда объект қайтарып алынады және қайтадан тендерге шығарылады.
Тармақ 11
11. Егер сақталу жағдайын қамтамасыз етпеу, өз мақсатында пайдаланбау т.б. негізінде объектіге нұқсан келтірілсе шағын кәсіпкерлік субъектісі келтірілген шығынның орнын толтыруға міндетті.
Тармақ 12
12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер заң жүзінде реттеледі.