Покатилов селолық округінің Покатилов ауылындағы көшелердің атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Покатилов селолық округінің Покатилов ауылындағы көшелердің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Покатилов ауылы тұрғындардың пікірлерін және ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 13 қазандағы № 1 хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Покатилов селолық округі Покатилов ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
В. И. Чапаев көшесі – С. С. Курлапов көшесіне;
В. И. Ленин көшесі – А. Құнанбаев көшесіне;
50 лет Пионерии көшесі – Достық көшесіне;
Юбилейная көшесі – И. Шұғайыпұлы көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.