О переименовании некоторых сельских округов и сел в Алматинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысындағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес, тиісті аумақтардағы халықтың пікірін ескере отырып, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу ауданының Қызылту ауылдық округі мен Қызылту ауылы Барлыбек Сырттанов ауылдық округі және Барлыбек Сырттанов ауылы атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Алакөл ауданының Герасимовка ауылдық округінің атауы Сапақ ауылдық округі атауына өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Қаратал ауданының Қарашеңгел ауылдық округінің атауы Жолбарыс батыр ауылдық округі атауына өзгертілсін.
Тармақ 4
4. Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінің Красный Восток ауылының атауы Өрікті ауылы атауына өзгертілсін.
Тармақ 5
5. Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінің Совет ауылының атауы Қызылжар ауылы атауына өзгертілсін.
Тармақ 6
6. Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылдық округінің атауы Сөгеті ауылдық округі атауына өзгертілсін.
Тармақ 7
7. Еңбекшіқазақ ауданының Октябрь ауылдық округінің атауы Бартоғай ауылдық округі атауына өзгертілсін.
Тармақ 8
8. Райымбек ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің Кіші Жалаңаш ауылының атауы Ақай Нүсіпбеков ауылы атауына өзгертілсін.
Тармақ 9
9. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.