Үшарал қаласы көшелерінің атын өзгерту және ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үшарал қаласы көшелерінің атын өзгерту және ат қою туралы Қазақстан Республикасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағының 5-1 тармақшасына сәйкес, аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ, Алакөл аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үшарал қаласының көшелерінің аттары мынадай аттарға өзгертілсін:
Тармақша 1
1) "Школьная" көшесі "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесіне;
Тармақша 2
2) "Ельтай" көшесі "Садық Құсайын" көшесіне;
Тармақша 3
3) "40 лет Победы" көшесі "Ахмет Жұбанұлы" көшесіне;
Тармақша 4
4) "Куйбышев" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне;
Тармақша 5
5) "Октябрь" көшесі "Әнуар Әлімжанұлы" көшесіне;
Тармақша 6
6) "Черкашин" көшесі "Стебляков" көшесіне;
Тармақша 7
7) "Строительная" көшесі "Мағжан Жұмабайұлы" көшесіне;
Тармақша 8
8) "Чайковский" көшесі "Ғабит Мүсірепұлы" көшесіне;
Тармақша 9
9) "Шолохов" көшесі "Мамырбек Болысбайұлы" көшесіне;
Тармақша 10
10) "Победа" көшесі "Жеңіс" көшесіне;
Тармақша 11
11) "Дружба" көшесі "Достық" көшесіне.
Тармақ 2
2. Үшарал қаласының аты жоқ көшелеріне:
Тармақша 1
1) Үшарал қаласы Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Бейбітшілік";
Тармақша 2
2) Үшарал қаласы Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Болашақ";
Тармақша 3
3) Үшарал қаласының Қабанбай батыр көшесімен Победа көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Жібек жолы";
Тармақша 4
4) Үшарал қаласының Жалбы би көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Бірлік";
Тармақша 5
5) Үшарал қаласының Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Ынтымақ";
Тармақша 6
6) Үшарал қаласының Жалбы би көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Самал" көшесі деген аттары қойылсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Меңлібаева Салтанат Дәулетханқызына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.